8(7112) 22-85-97

«Рухы биік ұлы дала ұрпағы» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы

Патриоттық рухы биік, саналы ұрпақ тәрбиелеу, Отанға деген, ұлтына деген, тіліне деген махаббатын жетілдіру, ұлттық сана мен мәдениет тоғысындағы бірлігін нығайту, қыз бала тәрбиесін дамыту арқылы әсемдікке үйрету, пән бойынша өнерлі, білімді оқушылардың қабілеттерін шыңдау, жеңімпаздарды марапаттау арқылы жүректеріне сенім ұялату мақсатында №41 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Рухы биік ұлы дала ұрпағы» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы өтеді. 

«Рухы биік ұлы дала ұрпағы» тақырыбындағы апталық жоспары оқушыларға аңдатпа арқылы таныстырылып, оқушыларға таңғы көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында жылы лебіздерін жазу ұсынылады. Апталық барысында  ашық сабақтар легі, «Сыни ойлау тәсілдері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту» коучингі, Ted-X форматында «Армандар орындалар, мақсатың айқын болса» шарасы, «Жұлдыздар шеруі» концерттік бағдарлама оздырылады. Аралық үзілістерде Бауырсақ-party шарасын, Патриоттық әндер шеруін, Үзілістегі үзік сыр (кофе-брейк), Бұрымдылар фотобайқауын ұйымдастыру жоспарланды.