8(7112) 22-85-97

«Құқық бұзушылықтың алдын-алу басты міндет»

Ағымдағы жылдың 2-сәуір күні Орал қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Өзіңнен баста!» жобасы аясында «Құқық бұзушылықтың алдын-алу - басты міндет» тақырыбында шара өтті. Шараны №41 мектеп-лицейінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Иманиязова Гулдана Сайлауовна жүргізді.

Мақсаты: Жан-жақты қалыптасып дамыған, қоғамдық белсенділігі артқан, әлеуметтік –толық қамтылған адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыру.

Шараға қалалық білім беру бөлімінің №27 жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп-лицейі, № 28 жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп –лицейі, Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы, №35 мектеп-гимназиясы, №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясы, эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназиясының оқушылары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатынасты.

«Өзіңнен баста» жобасы шеңберінде алдын ала қазақ және орыс тілдерінде сауалнама жүргізіліп, ой қозғау арқылы тақырып өзектілігі талқыланды.  Оқушыларға жасөспірімнің өмір ағымында кездесетін қолайсыз жағдайлардың алдын алу және болдырмау, оқушылардың құқығын қорғау және сақтау туралы кеңестер берілді.