8(7112) 22-85-97

«Оқушылар мен мұғалімдердің өзара тиімді іс-әрекеттері» тренинг

Оқушылармен тиімді жұмыс жасау үшін оптималды қарым-қатынастарды анықтау, мектепте оқушылармен ұйымдастырушылық-әрекеттер ойынын, «миға шабуыл», әртүрлі жаттығулар, позитивті қарым-қатынас ұйымдастыру тәжірибесінің талдануы, негативті ойлауды төмендету маңызды болып келеді.

Қазіргі кезде қарым – қатынас мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Тренинг барысында қатысушылар бірін-бірі жақынырақ қабылдауы үшін жағдай жасау, шығармашылық қиялдарын дамыту арқылы, әртүрлі әдіс-тәсілдер қолдану қажет.  «Үйренейік, ізденейік, жас маман» тақырыбындағы жас мамандар апталығы аясында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Утебалиева Алия Жаркыновна «Оқушылар мен мұғалімдердің өзара тиімді іс-әрекеттері» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг барысында жас мамандарға шығармашылық атмосфера құру үшін, жұмыс процесіне барлық қатысушыларды жұмылдыру ,педагогтардың арасында бір-біріне деген сенімділікті дамыту үшін , семинар-тренинг барысында лирикалық кезеңдер, сюрприздер, оқытудың интербелсенді әдістері, рөлдік ойындар, «миға шабуыл», әртүрлі жаттығулар орындалды . Жеке тұлға арасындағы қатынас,денсаулықты қолдау, жеке ерекшелікті дамыту, шешім қабылдау мен мәселелерді шешу айқындалады.