8(7112) 22-85-97

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығындағы басты рөлді  сынып жетекшілері ме мектеп психологтар атқарады.
Ата-анамен конструктивті өзара  әрекеттер болуға  педагогтардың ата-аналармен қарым-қатынасындағы өзіндік ережелерді сақтауы ықпалын тигізеді.  Вебинар барысында сынып жетекші мен психологтің ата –аналармен жүргізілетін  жұмыс түрлері мен үлгілеріне, қашықтан оқыту кезінде ата-аналарға ұсынылатын психологиялық ағарту, алдын алу  жұмыстарын тиімді қолдану жөнінде кеңестер мен үлгілер берілді.

«Үйренейік, ізденейік, жас маман» тақырыбындағы жас мамандар апталығы аясында тәлімгерлер мен жас мамандар өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.    Сәуір айының 21-і  күні  тәлімгерлер мен жас мамандар арасында «Ойлан, жұптас, бөліс» тақырыбында тәжірибе алаңы өткізілді.

Сабақтың мақсаты: «Қызыл ай» қоғамдық қорының пандемия кезіндегі атқарып жатырған жұмыстарымен және қазіргі таңда белең алған инфекциядан сақтану шаралары туралы ақпараттар беру.

ҚББ бөлімінің жоспарына сай  №41 мектеп-лицейінде 19-23  сәуір күндері аралығында  мектеп оқушыларының қатысуымен онлайн форматта «Қызыл ай» қоғамдық қорының жұмыс барысымен таныстыру мақсатында 6 а, 6ә сыныптарында сабақтар өткізілді.