ЦИФРЛЫ САБАҚТАР ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазір біздер ақпараттық қоғамда өмір сүрудеміз. Ақпараттық қоғамда кез-келген адам кез-келген ақпаратты кез-келген жерде және кез-келген уақытта ала алады.
Мұның артықшылығы, біріншіден, жұмыстың жүруіне кері әсерін тигізетін адами фокторларға тәуелділікті жоятындығында болса, екіншіден, уақытты тиімді пайдалана аламыз. Өздеріңіз білетіндей қазір электронды үкімет веб-порталы арқылы ешқандай кезексіз, ешкімге тәуелсіз көптеген қызметтерді ала аламыз.
Сол сияқты ақпараттық технологияларды білім беру үдерісінде де тиімді пайдалансақ оқушыларға да мұғалімдерге де көмегі көп.
БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕССІНДЕГІ САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Біздің айналамыздағы тез өзгеретін әлем мектепті де тез өзгеруге міндеттейді. Бүгінде әлем цифрлық дәуірге қадам басып отыр.
Өзіңіз үшін төреші: планшеттер, ұялы телефондар, ақылды сағаттар, виртуалды шындық көзілдірік қазіргі студенттердің күнделікті өміріне айналды. Біздің сандық өміріміз қарқынды дамып келеді. Ал сыныпта презентация, видео, аудио қосымшаларды көрсету енді жаңалық емес. Сандық технологиялар ХХІ ғасырдағы білім берудің негізі болып табылады.
Қазіргі заманғы кез-келген мұғалім білім беру үдерісінде инновациялық компьютерлік технологияларды қолдана отырып, жаңаша оқыту керектігін түсінеді.
Цифрлық білім беру ресурстары - бұл оқу процесін ұйымдастыруға қажетті және белгілі бір бағдарламаның мазмұнына сәйкес таңдалған, сабақ жоспарлауға «байланған» цифрлық түрде ұсынылған фотосуреттер, бейнематериалдар, модельдер, рөлдік ойындар, картографиялық материалдар және қажетті әдістемелік ұсыныстармен қамтамасыз етілді.
Оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды (COR) енгізу оқыту үдерісін белсендіруге, сабақ қарқынын арттыруға, оқушылардың өзіндік және жеке жұмыстарының көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда оқу процесі нәтижелі болуы үшін әр мұғалім әр түрлі электронды білім беру ресурстарын қолдана отырып сабақты дайындап, өткізе алуы қажет, өйткені оларды қолдану сабақты жарқын, қызықты, бай және тиімді ете алады.
Сабақта АКТ-ны қолдану әр түрлі иллюстрациялық және ақпараттық материалдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, материалды оқушылардың өздері интернеттен және дискілерден таба алады (Мысалы, өте бай материал «Кирилл және Мефодий Виртуалды мектебі» дискісінде орналасқан). Осылайша оқушылардың ақпараттық құзыреттілігі қалыптасады. Интерактивті тестілерді қолдану мұғалімнің уақытын үнемдеуге ғана емес, сонымен қатар оқушыларға өз білімін және өз мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік береді.
Анимация мен анимациялық роликтерді қолдану сабақтарды әртараптандырады, оқушыларды белсенді етеді.
Педагогикада дәріс түріндегі сабақ тиімділігі төмен бағаланғанымен, мультимедиялық проекторды қолданатын дәрістің өзі сабақ барысында қызықты болып көрінеді, сол кезде сабақ оқушыларға мәліметтерді түрлі-түсті етіп көрсетумен жүреді.
Сабақта ақпараттық технологияны қайда және қалай қолданған жөн екендігі туралы ойлану керек.
Қазіргі қашықтан оқыту кезінде цифрлы сабақтарды оқушыларға өз бетімен білім алуы үшін пайдалануымыз қажет.
Яғни, цифрлы сабақтар оқушыға өзігінен білім алудағы олқылықтарды жоюға көмектеуі керек.
Сабақ материалын беру мәтіндік формада қосымша графикалық суреттерімен бірге толық берілуі қажет.
Мұнда матералдың көлеміне шектеу қойылмағаны дұрыс. Оқуға және қабылдауға жеңіл болуы үшін жүйеленгені дұрыс.
Материалды ұсынудың тиімді тәсілі өзара байланысқан қарапайым веб-беттер түрінде дайындау.
Мұнда цифрлы сабақта қолданылатын қосымшаларға да сыртқы сілтеме қою өте ыңғайлы.
Алдымен сабақ тақырыбы бойынша мәтіндік мәлімет ұсынылады.
Сабақ материалын мұғалімнің көмегінсіз түсіну үшін қосымша презентациялар, бейнероликтер және анимациялық роликтер дайындалуы қажет.
Бұл біздің цифрлы сабақты қолданушыларға сабақ мазмұнының қиын тұстарын қабылдау үшін тиімді.
Бекіту үшін программалау ортасында құрылған тест қосымшаларын және программалауды білмейтіндер үшін MyTestPro қосымшасын ұсынуға болады.
Ары қарай оқушы өз бетімен жұмыстануды ұйымдастыру үшін автоматты түрде тексерілетін интерактивті тапсырмаларды жинақтаған дұрыс.
Осылайша дайындалған цифрлы сабақ оқушыға өз бетімен білім алуға толықтай мүмкіндік туғызады.
Ал бұл жұмыс мұғалімге не береді?
- Авторлық сандық ресурс жинақталады.
- Оқудағы олқылықтарды жоюда уақыт үнемдейді (оқушы өздігінен жұмыстанады)
- Мұғамінің сандық сауаттылығы мен IT құзіреттелігі артады.
- Графикалық редакторды меңгереді.
- Видео монтаждау редакторын меңгереді.
- Бұлтты технологияны қолдану дағдысы артады.
- Тест құрастыратын қосымшалармен жұмыс жасап үйренеді.
- Программалау негіздерін түсінеді (меңгереді).
- Білім беру порталдарымен танысады.
- HTML редактормен жұмыс жасап үйренеді.
Қорыта айтқанда, қазіргі заманғы мұғалімдердің бойында табылатын дағдылар толықтай дамиды.