Балалардың құқықтары бұзылған жағдайда жедел көмек көрсету үшін жұмыс жасайтын телеграм чат
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының телеграм каналы
ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайты
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (ҰТО) ресми сайты
Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының ресми сайты
https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim?lang=kk
Орал қаласының білім бөлімінің Ресми интернет-ресурсы
Электронды темекінің зияны туралы
Электронды темекі дегеніміз – ішіне сұйық ерітінді құйылған, ауыстылылатын картриджі бар және никотин жеткізетін электрондық жүйеге (НЖЭЖ) жататын құрал болып табылады. Оның буында адам денсаулығына зиянды химиялық заттар бар. Олар: формальдегид, ацетальдегид, карбол қосындысы, ауыр металлдар (қалайы, мыс, хром, никель және т.б.).
Электронды темекі не үшін қауіпті?
1. Электронды шылымның құрамындағы никотин тез сіңіп, 8 секундтың ішінде миға тарайды;
2. Никотин қантамырлардың тарылуына ықпал ететіндіктен барлық ағзаларды қанмен қамтамасыз ету нашарлап, бірінші кезекте жүрек-қантамыр ауруларының (инсульт, инфаркт) дамуына әкеліп соғады;
3. Жүкті әйелдің ағзасындағы никотин түсік тастау мен ерте босану қаупін арттырып, ұрыққа ауа жетіспеуіне әкеп соғады;
4. Никотин жасушалардың өзгеруін тудырады және келесі ұрпақтарда бұл өзгерістер көбейе береді;
5. Электронды темекінің құрамындағы химиялық заттар қауіпті ісік ауруына шалдықтыруы мүмкін;
6. Электронды темекінің түтінінде улы заттар болғандықтан, адамдарға әсіресе балаларға қауіпті;
7. Электронды темекіні шеккендегі психологиялық тәуелділіктің даму қаупі басқа темекі өнімдерін тұтынғанмен бірдей.