Мектепішілік «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы
Мақсаты: ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтарға сәйкес рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу мақсатында республика бойынша барлық өңірлерде «Жас Ұлан» ұйымының жұмысын жандандыру.
Міндеттері:
- Жасұландықтардың қоғамдық белсенділіктерін арттыру;
- Оқушылардың танымдық қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын арттыру;
- Оқушыларды қоғамдық пайдалы шараларға тарту;
- Балаларды заманға сәйкес дамытып, оларды жаңа қатерлер мен зиянды әрекеттерден қорғау;
«Жас Ұлан» ұйымы қызметінің бағыттары:
- Отан – елін, жерін, құндылықтарын сүю, қазақстандық патриотизм рухын қалыптастыру бағыты;
- Зерде – интеллектуалдық даму, зерделі түрде алдына мақсат қоя білу, жобалар жасап, жүзеге асыруға жетелеу бағыты;
- Руханият – оқушыларды жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, көркем-эстетикалық қасиеттерге тәрбиелеу, волонтерлік қызметті дамыту бағыты;
- Салауат – салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға бағыт беру, денешынықтыру мәдениеті мен психикалық денсаулығын қалыптастыру бағыты;
- Еңбек – мектеп қабырғасынан кәсіби мамандыққа бағдар беру, кәсіби үйірмелерде жұмысқа тарту, еңбекке деген құрметті сіңіру бағыты.
- Эко-әлем – қоршаған ортаны аялауға, жан-жануарларға қорған болуға, экологияны жақсартуға бағытталған жобалар жасауға бағытталған бағыт;
- Жеті жарғы – құқықты мәдениетті қалыптастыру, жас азаматтарға өздерінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге арналған бағыт.
Назарға:
- 2021 жылы мектептердегі Жас Ұлан ұйымының өкілдерімен ұйымдастырылған барлық шарарлар Ұйымның 10 жылдығына орайластырылып өткізілуі тиіс.
- Барлық шараларда «Жас Ұлан» ұйымының 10 жылдық логотипі қолданылуы тиіс.
- Өткізілген немесе жоспарланған шаралар туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде орналастырылған кезде # ЖасҰлан10жыл#JasUlan10jyl хештегтерін қолдануы тиіс.
- Ауқымды іс-шара өткізілер алдында қосымша материалдар жіберілетін болады. (тұжырымдама, өткізу ережесі, нұсқаулық және т.б)
Білім басқармасы «Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі балалар өкілдігі» мен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің біріктірілу жұмыстары жасалуда.
- Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі балалар өкілдіктері (бұдан әрі – Балалар өкілдіктері) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің (бұдан әрі – БҚҚК) жанынан құрылады және Қазақстан Республикасы балаларының қоғам мен мемлекет өміріне қатысу құқығын іске асыратын балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі бірлестіктер болып табылады.
- Балалар өкілдіктері өз қызметін БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясына, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы», «Білім туралы» Заңдарына, қолданыстағы заңнамаға, балалар мүддесіндегі мемлекеттік саясатқа және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Балалар өкілдіктерін құрудың негізгі мақсаттары:
1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2) балалардың қоғам мен мемлекет өміріне қатысуының өзекті проблемаларын шешуге жәрдемдесу;
3) балалардың, қоғамның және мемлекеттің игілігі үшін балалардың әлеуметтік бастамаларын және балалардың қоғамдық бірлестіктерін қолдау.
- Негізгі міндеттер:
1) балалар мүддесінде мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу;
2) балалар бірлестігін, балалардың әлеуметтік бастамаларын және балалардың, қоғам мен мемлекеттің игілігі үшін жобалық қызметті мемлекеттік қолдау бойынша бастамалар енгізу;
3) балалардың өзекті мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға балалардың ғылыми және шығармашылық әлеуетін тарту;
4) «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына сәйкес балалар ортасында жоғары адамгершілік-рухани және құқықтық мәдениетті, патриоттық сезімді, азаматтық жетілуді және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру.
Балалар өкілдіктері барлық білім беру ұйымдарында құрылады.
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Жеті жарғы» бағыты бойынша сайланған белсенді және жауапты оқушылар осы мектептің балалар өкілдігінің мүшелері болады. «Жеті жарғы» бағытының қызметі - құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жас азаматтарға өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.
«Жеті жарғы» бағыты мүшелерінің және тиісінше білім беру ұйымының балалар өкілдігінің саны дербес айқындалады.
2021-2022 оқу жылына арналған «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының және мектепішілік атқарушы хатшыларының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде іс-шаралар жоспары
№ |
Іс – шаралар атауы |
Аяқталу нысаны |
Бағыт |
Жүзеге асыру мерзімі |
Жауапты |
Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл Жас Ұлан 10жыл #JasUlan10jyl |
|||||
1 |
Мектепішілік «Жас Ұлан» командасын бекіту, «Жас Ұлан» мектеп комитетінің жұмысын жандандыру |
Іс-шаралар |
Зерде |
қыркүйек |
Тәлімгер, «Жас Ұлан» ұйымы |
2 |
«World Cleanup day» Бүкіләлемдік тазалық күні |
«Жас Ұлан» ұйымының командасымен сенбіліктер өткізу |
Эко әлем |
19 қыркүйек |
Тәлімгер, «Жас Ұлан» ұйымы |
3 |
«Жүгір және тазала» қалалық плогингтер сериясы. |
Қатысушылар мектеп ауласын тазалайды. Жиналған қоқыс көлемі бойынша жарысады. «Жүгір және тазала» плоггингін ұйымдастыру және өткізу. Жарияланымдарды орналастыру кезінде #TAplogging» хэштегін пайдалану керек. |
Эко әлем |
Қыркүйек-қазан |
Тәлімгер |
4 |
Ұстаздар күніне арналған онлайн мерекелік құттықтау «Бәрекелді!» интеллектуалды шоуы |
Жас Ұлан ұйымының түлектері мен мүшелерінің мектеп ұстаздарына арналған құттықтаулары |
Зерде |
Қазан |
Тәлімгер |
5 |
Жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділіктің алдын алу деңгейін анықтау |
Жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділіктің алдын алу мақсатында тесттер өткізу |
Салауат |
Қыркүйек |
Тәлімгер |
6 |
Қала күніне орай «Оралым-бақыт мекенім» онлайн бейнерепортаж байқауы |
Бейнерепортаж, үздік бейнерепортаж авторларын марапаттау |
Отан Эко әлем |
Қыркүйек |
Тәлімгер, «Жас Ұлан» ұйымы |
7 |
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер» ұйымының 10 жылдығына орай өткізілетін облыстық, қалалық форумдарға қатысу |
«Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ құрылғанына 10 жыл толуына арналған офлайн және онлайн түрде өтетін іс-шараларға қатысу |
Отан |
Жыл бойы |
Тәлімгер, «Жас Ұлан» ұйымы |
8 |
Қысқа метражды фильмдердің ашық конкурсына қатысу |
Жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділік, құмар ойындары және кибербуллинг деңгейі жоғары өңірлерді анықтау үшін өткізілетін республикалық байқауға қатысу. Байқаудың мақсаты: қоғамның назарын осы мәселеге аудару. |
Салауат Руханият |
Қазан |
Тәлімгер |
9 |
«Жас Ұлан» ұйымының таңертеңгілік сенбілік топпен жүгіруі |
Мектеп-лицей оқушыларының спортқа деген бейімін арттыру, сенбілік топпен жүгіру |
Салауат |
Жыл бойы |
Тәлімгер, Ұланбасы |
10 |
«Татулық тұтқасы, бірліктің бесігі» тимбилдинг минуттары (топ құру, көшбасшылықты қалыптастыруға бағытталған тренинг ойындары) |
Ойын, тренингтер |
Зерде
Руханият |
Тоқсандық демалыстар 2021-2022 оқу жылы |
Тәлімгер |
11 |
Ұланбасының сайлауалды бағдарламасы бойынша кітап клубын ашу |
Мектеп оқушыларының бойында кітап оқуға деген құлшынысты арттыру, кітап клубының мүшелерімен тәжірибе алмасу. |
Зерде Отан |
Қазан |
Тәлімгер, Ұланбасы |
12 |
«Жас Ұлан» бойтұмарын әзірлеуге арналған республикалық байқау |
«Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ бойтұмарын әзірлеуге республикалық байқауға қатысу |
Еңбек |
Қыркүйек-қараша |
Тәлімгер |
13 |
«Jas Ulan Talks» форматында белгілі тұлғалармен кездесулер |
Ашық диалог алаңын құру арқылы өңірде танымал азаматтармен кездесулер ұйымдастыру |
Зерде |
Жыл бойы |
Тәлімгер |
14 |
«Ең Үздік «Жас ұлан» бұрыштары мен бөлмелерінің қалалық байқауы |
Әр мектеп өз «Жас Ұлан» ұйымы туралы ақпараттық бұрыш пен бөлмелерді байқау ережесіне сай жасақтау |
Зерде |
Қараша |
ДТІЖО
Тәлімгер |
15 |
ҚР Тілдер күні мерекесіне орай «Тіл-достықтың тірегі» атты өзге ұлт өкілдері арасында өткізілетін қалалық фестиваль |
Қала мектептері арасында өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мақсатында өнер және шығармашылық шарасы |
Руханият |
Қыркүйек |
Тәлімгер |
16 |
Экологиялық бейнероликтардың республикалық байқауы |
Экологиялық бейнероликтардың республикалық байқауына қатысу |
Эко әлем Руханият |
Қараша |
Тәлімгер |
17 |
«Мейірімді жүрек» акциясы . (Ардагерлерге қолғабыс таныту) |
Жас Ұландар бойында мейірімділік, қайырымдылық қасиетін арттыру. |
Руханият |
Қазан |
Тәлімгер, «Жас Ұлан» ұйымы |
18 |
Халықаралық жағалау аймағын тазарту акциясы |
Тәлімгерлер арасында акция өткізу |
Еңбек |
Қазан |
Тәлімгер |
19 |
«What? Where? When?» интеллектуалдық турнирі |
Экобілімділер турнирін өткізу |
Эко әлем Зерде |
Қараша |
Тәлімгер |
20 |
Дүниежүзілік балалар күніне арналған дөңгелек үстел |
Дүниежүзілік балалар күніне арналған дөңгелек үстелдер аясында балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін талқылау |
Жеті Жарғы |
20 қараша |
Тәлімгер, «Жас Ұлан» ұйымы |
21 |
«Жас Ұлан» мен үшін ...?» челленджі |
Ұйымның 10 жылдығына арналған «Жас Ұлан» мен үшін ...?» челленджіне қатысу. Челлендж ұйымның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жүзеге асырылады. Челленджді қолдаған қатысушылар жарияланымды #ЖасҰланМенҮшін хэштегімен жариялауы тиіс. |
Отан |
Желтоқсан |
«Жас Ұлан» ұйымы |
22 |
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына жаңа мүшелерді қабылдау |
Жарғыға сәйкес Жас Ұлан ұйымы қатарына жаңа мүшелер 5-сынып оқушыларын салтанатты түрде қабылдау іс-шаралары |
Отан |
1 – 15 желтоқсан |
Тәлімгер, «Жас Ұлан» ұйымы |
23 |
Қалалық «НANDMADE» шеберлік сыныптар байқауы және «Дармарка – заттарға екінші өмір сыйла» акциясы. |
Ескі заттарды қоқысқа тастамай, қажеттілікке жаратуға бағытталған шара. |
Еңбек |
Желтоқсан |
Тәлімгер |
24 |
Балалардың құқықтарын сақтау іс-шарасы «Құқығым бар» тренингі |
Мектеп Ұланбасы тренинг өткізеді. |
Жеті жарғы |
Желтоқсан |
Тәлімгер Ұланбасы
|
25 |
Мектепішілік Рубик текшесін жинаудан спидкубинг чемпионаты |
Сыныпаралық жарыс |
Еңбек |
Қаңтар |
Тәлімгер Ұланбасы |
26 |
Балалар өкілдіктері көшбасшыларының құқық қорғау бойынша мониторинг жүргізуі |
Бала құқығын қорғау бойынша көшбасшылар мектепте балалардың құқықтарын сақтауға мониторинг жүргізеді |
Жеті жарғы |
Жыл бойы |
Тәлімгер |
27 |
Балалар мен жасөспірімдер қызметін насихаттау жөнінде облыстық және өңіршілік БАҚ беттеріне ақпарат тапсыру |
Мақала |
|
Жыл бойы |
Тәлімгер |
28 |
«Жас Ұлан» ұйымының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларын дамыту, әлеуметтік желілерді қолдану арқылы мектепішілік іс-шараларды таныстыру жұмыстарын жүргізу. |
Желілерге материалдар орналастыру. Оқушылардың, ата-аналардың және аға тәлімгерлердің «Жас Ұлан» ұйымының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына жазылуын қамтамасыз ету: Instagram @jasulan_gz @restart_social @birgemiz_taza_alem Facebook @Жас Ұлан Ұйымы @ Киелі табиғат @ ReStart Social @ Birgemiz Taza Alem |
|
Жыл бойы |
Тәлімгер «Жас Ұлан» ұйымы |
29 |
Жоспарға сай ұйым жұмысын кеңінен насихаттау |
Желілерге материал орналастыру, мақала жазу, өткізілген іс-шаралар бойынша есеп беру, анықтама, хаттамалар дайындау. |
7 бағыт боынша |
Жыл бойы |
Тәлімгер |
Орал қаласы білім беру бөлімінің №41 мектеп-лицейінде «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы 2012 жылы құрылды.
Жасұлан ұйымында әр жылдары Ұланбасы міндетін атқарған оқушыларымыз
2021-2022 оқу жылы – Адилова Аружан
2020-2021 оқу жылы - Атау Айнұр
2019-2020 оқу жылы -Атау Айнұр
2018-2019 оқу жылы - Мишалов Нұржас
2017-2018 оқу жылы - Мишалов Нұржас
2016-2017 оқу жылы - Әділұлы Нұржас
2015-2016 оқу жылы - Муканова Найля
2014-2015 оқу жылы - Муканова Найля
2013-2014 оқу жылы - Сериков Данияр
2012-2013 оқу жылы - Сериков Данияр
2022-2023 оқу жылындағы «Жас ұлан» ұйымының белсенді мүшелері
Мектепішілік «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Ұланбасы
|
Қалымбет Дильназ |
Мектепішілік «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Ұланбасының орынбасары
|
Өтешова Дильназ |
Мектепішілік «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Отан» бағытының белсенділері
|
|
Бейбіт Айнель |
Рақымжан Дулат |
Мектепішілік «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Зерде» бағытының белсенділері
|
|
Абай Алишер |
Бахтиярова Диляра |
Мектепішілік «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Руханият» бағытының белсенділері
|
|
Ибраш Мадияр |
Габдулкаримова Сабина |
Мектепішілік «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Салауат» бағытының белсенділері
|
|
Найзабек Айшабибі |
Утегалиев Аңсар |
Мектепішілік «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Еңбек» бағытының белсендісі
|
Едіге Ерназар |
Мектепішілік «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Эко-әлем» бағытының белсендісі
|
Рауанқызы Аида |
Мектепішілік «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Жеті жарғы» бағытының белсендісі
|
|
|
Ергалиева Даяна |
Жаншина Ясмина |
Шаймардан Дайана |