8(7112) 22-85-97

Лицей шәкірттерінің киім үлгісі

2021 жылдың 21 қаңтар айынан 8,9,10-сынып оқушыларынан құралған «Лицей формасының үлгісін  дайындау тобы» құрылып, алғашқы отырысы өткізілді. Негізгі мақсатымыз оқушылардың өз ойларымен бөлісе отырып, мектеп формасының бірыңғай үлгіде болуын ұсыну.

29 қаңтарда мектеп-лицей формасының үлгісін дайындау тобының мүшелері ұсынған   мектеп формасының үлгісімен танысу жоспарланып, іске асырылды. Ақпан айының 5-і күні оқушылар мектеп формасының моделін, жалпы эскизін ұсынды. 15 ақпандағы отырыста  «Лицей формасының үлгісін дайындау тобы» форманың түсіне тоқтам жасады. Оқушылардың ұсыныстары жан-жақты талқыланып форма түрі бірыңғайға келе бастады. «Лицей формасының үлгісін дайындау тобы» дайындаған үлгілер Мөлдір, Айгул, Асем есімді тігінші шеберлерге және технология пәні мұғалімі Самал Ақеділқызына ұсынылып, материал түрлеріне тоқтам жасалды.

10 наурыз киім үлгісінің бір жобасын тігіп, көпшілікке ұсыну жоспарланды. 4 сәуір қамқоршылық кеңес мүшелеріне дайын мектеп формасын ұсынылды. Қамқоршылық кеңес отырысында қарастырылып, ортақ шешім қабылданды.

14-16 мамырда классикалық үлгіде мектеп қыз балаларына және ұл балаларының алдағы оқу жылында қамтылатын мектеп формасының үлгісін ұсынып, ортақ шешім қабылдау мақсатында 25-26 мамыр жалпы ата-аналар жиналыстарында мектеп формасының үлгісін ұсынылып бекітілді.

Қорытындылай келе, мектеп формасы жалпы ұлға да, қыз балаға да қара көк түсті, ер балалар костюм (жакетпен алмастыруға болады) шалбар, ақ жейде, туфли; қыз балаларға юбка костюм (жакетпен алмастыруға болады), ақ блузка, классикалық үлгідегі  ботинка немесе туфли, ақ бантик кию ұсынылды.

Жыл соңында жалпы 5-7 сынып қыз балаларына мектеп формасын бірыңғай тігуге «MY LADI» ательесіне ұсынылды. Жалпы  осы бекітілген үлгіде ата-аналар оқушыларға сатып алуға болатыны туралы да айтылды.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «2024-2025 оқу жылына орта білім беру ұйымдарында мектеп формасының классикалық киім үлгісін насихаттау және білім берудің зайырлы сипатын қалыптастыру туралы Кешенді медиажоспары» іске асырылуда.
Мектеп-лицейіміздің оқушылары жаңа оқу жылына классикалық үлгідегі мектеп формаларын алуда!