8(7112) 22-85-97

Қорытынды аттестаттау

Орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылында қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдері

Қорытынды аттестаттаудың мынадай мерзімдерді қамтиды :

9 (10) - сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2024 жылғы 29 мамырдан бастап 10 маусым аралығында;

11 (12) - сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2024 жылғы 28 мамырдан бастап 11 маусым аралығында.

Қорытынды аттестаттауды өткізу:

9 -сынып оқушылары үшін:

1) қазақ тілі/орыс тілі және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін - жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2024 жылғы 29 мамыр;

2) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2024 жылғы 3 маусым;

3) орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2024 жылғы 6 маусым;

4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2024 жылғы 10 маусым;

11 - сынып оқушылары үшін:

1) қазақ тілі/орыс тілі бойынша және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде білім беретін мектептер/сыныптар үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан

2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2024 жылғы 31 мамыр;

3) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2024 жылғы 4 маусым;

4) орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде/сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2024 жылғы 7 маусым;

5) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2024 жылғы 11маусым.