Лицей – тек оқу орны емес. Бұл - жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген, заманауи өркениет талаптарына сай өмір салты.
Лицей оқушысы – өмір бойы үздіксіз өзін-өзі жетілдіретін, кез-келген нәрседе озық болуға ұмтылатын, салауатты өмір салтын ұстанатын, адамдармен бейбітшілік пен достық қарым-қатынаста болатын адам. Ол өзінің барлық әрекеттері мен істерінде Ар-намыс кодексін басшылыққа алады.
Құқықтары мен міндеттері:
· лицейдегі өмірді басқаруға қатысуға, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және сайлануға құқылы;
· Жарғы мен ішкі ережелерді сақтайды, ескі дәстүрлерді құрметтейді және жаңа дәстүрлерді қалыптастырады;
· өзінің сөзі мен ісіне жауап береді, берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарайды, сынып пен лицейдің өміріне белсенді араласады;
· өз-өзіне, жолдастарына және ұстаздарына құрметпен қарайды, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетеді;
· Елін, жерін және дәстүрін сүйеді;
· мектептің мәртебесінтүсірмей лицейдің абыройын арттыруға атсалысады;
· ұжымда өзара қарым-қатынас орнатуда достық қарым-қатынасты сақтайды;
· ойын ашық айтады, өзіндік көзқарасты еркін білдіреді;
· ортада жоғары талғам мен мәдениетіліктің үлгісін көрсетеді;
· жалған сөйлемейді, әділ көзқарасты қалыптастырады.
Лицей оқушысы болу – зор мәртебе!
Осы Кодекс оқушы лицейге түскен сәттен бастап бүкіл оқу кезеңінде қолданылады.