Kahoot - әлеуметтік оқыту үшін әзірленген сайт. Сайтты Skype немесе Google Hangouts сияқты ортақ экранды пайдалану құралдары арқылы пайдалануға болады. Kahoot әртүрлі веб-браузерлермен мобильді құрылғылар арқылы веб интерфейс арқылы ойнатуға болады. 2017 қыркүйек айында Kahoot мобильді платформада қосымша ретінде іск еқосылды.
Күнделікті оқыту жұмысының бірі - оқушылардың білімін бақылау қажеттілігі. Мұғалімдер қолданатын бақылау түрлері өте алуан түрлі, бірақ көбінесе жазбаша немесе ауызша сұрау қолданылады. Өкінішке орай, бұл формалар кемшіліктерсіз емес. Ауызша сауалнама жүргізгенде, бұл баға аз болған кезде сабақ уақытының салыстырмалы түрде көп шығыны, жазбаша жұмыс жүргізгенде бағалар көбейеді, бірақ тексеру көп уақыттыалады. Тестілеу білімді тексерудің тиімді әдісі ретінде мектептерде көбірек қолданылуда. Оның басты және сөзсіз артықшылықтарының бірі - бақылаудың сенімді нәтижелерін алуға кететін минималды уақыт. Тестілеу үшін қағаз және электронды нұсқалары қолданылады. Соңғылары әсіресе тартымды, өйткені олар тест аяқталғаннан кейін бірден нәтиже алуға мүмкіндік береді.
MyTestXPro - білімді компьютерлік тестілеуді құруға және өткізуге, нәтижелерді жинауға және талдауға арналған бағдарламалар жүйесі.
ZIP Grade App көмегімен тестілеуді тексеру
Қолданба оқушылардың жауаптарын сканерлеуге және жедел нәтижелерді ұсынуға мүмкіндік береді. Студент дұрыс жауапты таңдайды, оны баспаға енгізеді, ал сіз олардың жауаптарын телефон арқылы сканерлейсіз.
МОИП АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ЭЛЕКТРОНДЫ ПОРТАЛДАР
«Termincom.kz» электрондық сайты «Бекітілген терминдер», «Терминдер хронологиясы», «Қолданыстағы салалық терминдер», «Ойталқы», «Құқықтық-нормативтік база», «Ғылыми-әдіcтемелік негіздер» және «Іздеу» блоктарынан тұрады. «Бекітілген терминдер» блогында Республикалық терминологиялық комиссиясында мақұлданған терминдер орналастырылса, «Терминдер хронологиясында» терминдердің бекітілу мерзімдері және олардың сөздік ретінде жарық көруінен мәліметтер беріледі. «Қолданыстағы салалық терминдер» блогына Республикалық терминология комиссиясының мақұлдауымен жарық көрген терминологиялық сөздіктер орналастырылды. «Ойталқы» айдарында әрбір оқырман бекітуге ұсынылатын терминдерге қатысты өз ой-пікірін қалдыра алады. «Ғылыми-әдістемелік негіздер» блогында терминжасам мәселелеріне қатысты еңбектер ұсынылған.
«Emle.kz» сайты қазақша дұрыс жазу, сөзді дұрыс айту, жұртшылықтың тіл мәдениетін көтеру мақсатында құрылды. Сайттың «Әдеби тіл нормалары» блогында сөз сазы, оның көркем әдебиет пен өмірдегі маңызы, ережелері мен қағидалары берілсе, «Орфография» блогында сөздердің дұрыс жазылу ережелері беріледі. Сондай-ақ кірме сөздер мен терминдік мәнге ие сөздердің бұрынғы және қазіргі жазылу барысындағы айырмашылықтары салыстырмалы түрде көрсетіледі. «Пунктуация» блогына тыныс белгілердің қойылу ретіне байланысты ережелер енгізілсе, «Аббревиатура» блогында қысқарған сөздер, олардың толық атаулары, қысқарылу реті, атаулар мен сөздерді қысқарту барысында басшылыққа алынатын қағидалар мен сүйенетін заңдылықтар келтіріледі. «Мақалалар» блогында ғалымдардың осы салаға қатысты ғылыми мақалалары берілген. Әрбір мақалаға орай пікір қалдыруға болады. Сол арқылы оқырман автордың өзіне, мақаласына қатысты сұрақтар қойып, жауап алу мүмкіндігіне ие болады. Оқырман онлайн режимінде орфографияға қатысты туындаған сұрақтарын қоя алады. Әрбір қойылған сұраққа білікті мамандар толыққанды жауап береді.
Сөздікқор порталына жүктеу үшін 60-қа жуық әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялар таңдап алынды. Атап айтқанда, Қазақ әдеби тілінің 15-томдығы, Абай тілі сөздігі, Ахмет Байтұрсынұлы энциклопедиясы, қазақ тілі синонимдерінің сөздігі, қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі және т.б. Қазіргі таңда портал қорына 300 мыңнан аса сөз енгізілген.
Портал әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін, қазақ тіліндегі көне сөздерді, кірме сөздерді, аймақтық және ақпараттық технологиялардың даму кезеңіндегі жаңа технологиялық сөздердің мағынасын көруге мүмкіндік береді.
«Сөздікқор» порталының іздеу жүйесі арқылы сөздердің дефинициясын, синонимін, антонимін, омонимін, фразеологиялық тіркесте немесе сөйлем ішінде кездесуін білуге болады.
«Сөздікқор» порталының мобильді қосымшасын Goolge Play және App Store-дан жүктеуге болады. Порталдың @Sozdikqor.kz telegram-бот қосымшасы іске қосылған.
«Til-qural» порталы – қазақ тілін оқытуға арналған тегін веб-сервис. Қызмет tilqural.kz адресі бойынша, сондай-ақ iOS және Android платформаларына арналған мобильді қосымшаларда қолжетімді.
Тіркелгеннен кейін пайдаланушы қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін тестілеуден өтеді. Сынақ нәтижесі бойынша жүйе оқу курсын ұсынады (5 деңгейдің біреуі).
Қазіргі уақытта порталда қарапайым деңгейде (А1) қазақ тілін үйренуге арналған 24 сабақ қолжетімді. Әрбір сабақ грамматика, тыңдалым, оқылым, аударма бойынша тапсырмалардан тұрады. Тапсырманы аяқтағаннан кейін пайдаланушы қандай тапсырмаларды дұрыс орындағанын бірден көреді.
Жүйе пайдаланушының тілді үйренуге қанша уақыт жұмсағанын жадына сақтай отырып, оны кестеге сүйенуге бағыттайды. Пайдаланушы жеке кабинетінде орындалған сабақтар бойынша статистикасын көре алады.
Портал пайдаланушылары латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің әліпбиі мен жаңа емле ережесін үйрену, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыруға арналған курсынан өте алады.
2017 жылы құрылған «Tilmedia.kz» сайтындағы қызықты және тиімді тәсілдер арқылы қазақ тілін үйренуге болады.
Сайт жұмысы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін насихаттауға, олардың қолданылу аясы мен әдістемесін кеңейтуге бағытталған. Тілдерді оқыту әдістемесі аудио және бейне мазмұнға негізделген. Сайтта латын және араб графикасы қарастырылған.
Сайт «Ақпарат», «Қара», «Тыңда», «Оқы», «Сұрақ-жауап» атты 5 блогтан тұрады.
«Ақпарат» блогында жаңалықтар, тілдің өзекті мәселелері туралы қажетті мәліметтер берілген.
«Қара» блогында бейнеролик арқылы тілді үйретудің түрлі әдістері және балаларға арналған қосымша танымдық бейнероликтер орналастырылған.
«Тыңда» блогында тілді үйретуге арналған аудиожинақтар, аудиокітаптартар, қызықты аудиоертегілер, танымдық, әдістемелік аудио материалдар берілген.
«Оқы» блогында тілді үйретуге арналған тиімді әдістер, үздік әдіскерлердің озық ойлы жұмыстары мен үздік сабақтары, сапалы мәліметтер, көркем және балалар әдебиеті берілген.
«Сұрақ-жауап» блогында тіл үйрену, сайтты жетілдіру, т.б. мәселелер бойынша ұсыныстар мен сұрақтар және оларға жауаптар берілген.
www.qujat.kz сайтында ісқағаздар күнделікті қолдануға қарай 2-ге бөлінген: кеңсе құжаттары және кадр құжаттары.
Сайтта Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық құжаттар екі папкаға жинақталған, әрі қарай құжаттардың жеке үлгілері берілген. Сайтта құжаттарды іздеудің 3 түрі ұсынылған: жүйелі іздеу түрі, құжат атауын жазу арқылы іздеу және әріп арқылы іздеу.
Базада барлығы (орысша-қазақша) екі жүзден аса құжат үлгісі бар. Олар PDF және DOC нұсқасында сақталған.
Сайт автоматтандырылған болғандықтан онлайн түрде құжат үлгілеріне өзгеріс енгізу қызметі жұмыс істейді. Барлық құжат үлгілері сайтқа корректуралық тексеруден өткізіліп, салынған.
Одан өзге: «Құқықтық негіз», «Мақалалар», «Кітапхана», «Терминдер», «Сұрақ-жауап» секілді бөлімдер контентпен толықтырылған.