8(7112) 22-85-97

ЖАДНАМА

8в сыныбының “Желідегі қауіпсіздік” челленджі.

Челленджтің мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің цифрлық, физикалық және психологиялық қауіпсіздік мәселелеріне жауапты әрі саналы көзқарасын қалыптастыру, интернет кеңістігінде және күнделікті өмірде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамыту, сондай-ақ бала-жасөспірім ортасында достық, сенім және өзара көмектесу құндылықтарын нығайту.

Міндеттері:
✓ оқушылардың цифрлық сауаттылық деңгейін және интернет пен әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде туындайтын қауіптер туралы хабардарлығын арттыру;
✓ балалар мен жасөспірімдерге онлайн-ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жеке деректерін қорғау және интернеттегі қауіп-қатерлерді тану қабілетін дамыту;
✓ балаларды жағымды белсенділік түрлеріне тарту арқылы кибербуллингтің, интернет-тәуелділіктің және деструктивті онлайн-ықпалдың алдын алу;
✓ цифрлық кеңістікте жауапты және этикалық қарым-қатынас мәдениетін дамыту;
✓ мектеп, ата-аналар және балалардың интернеттегі қауіпсіздігі мәселелері бойынша мамандар арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
✓ оқушылар арасында достық, өзара құрмет және өзара көмектесу құндылықтарын қалыптастыру арқылы қауіпсіз әрі үйлесімді қарым-қатынас негізін қалыптастыруға ықпал ету.
orken_instituty
#желідегіқауіпсіздік2025
#безопасностьвсети2025

 

 

 

 

 

Терроризм актісінің қаупі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы  ЖАДНАМА