8(7112) 22-85-97

Түлектерге кеңес

Мамандыққа бастар 7 қадам

1. Қателікке бой алдырмау

Көптеген жағдайда жастар қателесіп, қиялға ерік береді. Біреуді мамандықтың романтикасы тартады, оның үстіне боашақ мамандықпен нақты таныспай, оның кинолық нұсқасына бас ұрып жатады. Кейбіреуі пешенеге жазылған деген сеніммен ата-ана жолын бұлжытпай қуады. Ал келесі біреу жоғарғы оқу орнына мүлде басқа себептермен, мәселен жақсы досынан ажырамас үшін түседі. Тағы бірі алысқа баруға қиынсынып үйіне жақын орналасқан оқу орнына құжаттарын тапсыра салады. Мұның барлығы жөнсіз. Мамандықты таңдау – бұл жеңіл-желпі қарауға болмайтын дүние. Болашағыңыз осымен тікелей байланысты. Керісінше, бұл мәселені шамаңыз келгенше неғұрлым байсалдылықпен шешуге тырысыңыз.

2. Дұрыс көзқарас

Ең алдымен істі терең ойлап, бұл таңдауды өз еркіңізбен жасауыңыз керек. Ата-ана мен достарыңыздың үгітіне бағынбаңыз, бұл олардың емес, сіздің өміріңіз екенін естен шығармағаныңыз абзал.

3. Икемділікті анықтау

Біріншіден, өз қызығушылықтарыңызды бағалап алыңыз. Қандай іспен айналысқыңыз келеді? Сізге мектеп бағдарламасындағы қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңзда немен шұғылданғанды ұнатасыз? Адамдармен әсіресе, таныс емес адамдармен байланыс орнату сіз үшін оңай ма? Белгілі қызмет түрін орындай алау икемділігінің өзіндік маңызы зор.

4. Зерделеу

Бастысы өзіңізді тиісінше бағалауыңыз қажет, өзімнен және өз жұмысымнан нені қалаймын, бес жылдан кейін қандай боламын. Барлық қолжетімді ақпарат көздерін пайдалана отырып, өзіңіздің болашақ мамандығыңыз туралы көп білуге тырысыңыз. Сол немесе басқа мамандық өкілдері айналысатын кәсіпорындар қызметін өз көзіңізбен көріп танысу үшін саяхатқа барыңыз. Теңізші болғыңыз келеді ме? Кемедегі күндермен жақын танысу үшін ата-анаңызды кемемен саяхат жасауға көндіріңіз. Бағдарламашы болғыңыз келеді ме? Онда тек компьютерлік ойындарды қызықтап қана қоймай, қарапайым бағдарламаларды жазуға үйреніңіз. Мысалы: журналист мансабы туралы армандай отырып, газетке атшабар болса да, жұмысқа орналасқан жөн болады. Осылайша сіз журналист кәсібімен іштей танысу мүмкіндігіне ие боласыз. Сол немесе өз мамандықтарды сәйкестігін анықтау кезінде тізбе пайдаланылады.

5. Еңбек нарығындағы жағдайды бағалаңыз

Ең оңай жол: бос орындар туралы хабарландырулары бар бірнеше басылымдар алыңыз. Интернет желісіндегі жұмысқа орналасуға арналған сайттардан қандай мамандар қажетттігін қараңыз. Осы деректерді салыстыра отырып, қандай жоғары оқу орнына немесе қандай факультетте оқу болашақта пайдалы екендігін анықтауыңызға болады. Алайда нарық сұранысының ауысып отыратындығын естен шығармаған жөн.

6. Мамандардың көмегіне жүгініңіз

Егер сізде күмән туындаса, мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Бұл ретте не мектеп психологымен, немесе психологиялық кеңсе маманымен ақылдасуға болады.

7. Соңғы таңдау

Ақпаратты жинағаннан кейін 5-10 ұстанымнан негізгілердің тізімін қараңыз. Содан соң сынақтан өткізілген тәсілді қолданыңыз: бір парақ қағазды алып екі бағанына бөліңіз. Бір-бірден алып тастау әдісін қолданыңыз. Тізімде үш тармақ қалған сәтте қосымша неғұрлым егжей-тегжейлі зерттеу жүргізіп, соңғы шешім шығарыңыз.

Ешқашан өз бағыңызды бөгде жағдайлармен анықтауға мүмкіндік бермеңіз. Бір орында отырып қалмаңыз! Таңдауыңыз табысты болсын. өміріңіздің үштен бір бөлігін сіз үшін тартымсыз жұмыста азаппен өткізу, жұмысқа мүлдем ынтасыз бару, тиісті уақытты жиіркенішпен өткізу – мұндай болашақ сізді қанғаттандырады ма?

Емтихан тапсыратын түлектерге кеңес

  1. Оқуға дайындалатын орынды дайындаңдар: үстелдің үстінен артық кітаптарды, дәптерлерді алып тастаңдар;
  2. Бөлмеңізді сары және күлгін түстер болсын
  3. Жұмыс жоспарын құрыңдар, әр күні нені дайындайтыңызды жоспарла
  4. Қиын бөлімнен баста
  5. 40 минут сабақ оқу – 10 минут демалыс. Демалыс кезінде ыдыс жу, гүл суар, душқа түс
  6. Газеттердегі тесттерді орындап отыр.
  7. Секундомермен өлшеп көр 1 сұрақ – 1,5 минут
  8. Емтихан тапсыра алмайтын деген ой мүлдем болмасын
  9. Емтиханның алдында бір күн қиын деген тапсырмаларға қалдырыңыз

Емтихан алдында

  1. Емтиханға дайындалуға бір күн жетеді деген ой дұрыс емес. Керісінше кемте қыдырыңыз, жуыныңыз, ұйқыңыз қаңсын.
  2. Емтихан алдында 15-20 минут ерте келіңіз
  3. Далада суық болса жылы киін

Емтихан кезінде

  1. Тест тапсырмаларын көзіңмен бір қарап шалып өт
  2. Сұрақты аяғына дейін мұқият оқып шық
  3. Егер жауабын білмесең не күдіктеңсең бұл сұрақты тастап кет. Оңайынан баста
  4. Қиын және түсініксіз сұрақтарды кейінгіге қалдыр. Тестің ішінде су жауабын білетін сұрақтар барына күмәнданба

Түлектер мен танымал тұлғалар кеңестері