8(7112) 22-85-97

Ата - аналар назарына

🔰”ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ—2024” АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ШАРАЛАР ӨТУДЕ.

‼️АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

✅Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, балаларға қатысты зорлық-зомбылықты, өмірі мен денсаулығына қауіп келтіру жағдайларын болдырмау мақсатында ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАУДЫ ЕСКЕРТЕМІЗ:
- балалардың интернет желісіндегі қауіпсіздігі және оның зардабы туралы (буллингтен, кибербуллингтен, жол–көліктік жарақаттан алдын алу, қауіпсіздік шаралары: үйдегі, мектептегі, сырттағы, т.с.с.) түсінік жұмыстарын үнемі жүргізу;
- әткеншектерден құлап кетіп, түрлі дене жарақаттар алудың алдын алу мақсатында тұрғын үйлердің ауласында орналасқан балалар ойын алаңдарындағы құрылыстардың беріктігін, ағаштардың жағдайын үнемі қарап, құзырлы органдарға ескерту;
- көп қабатты тұрғын үйлердегі балалардың терезеден құлау қауіпінің алдын алу мақсатында балаларды үйде қараусыз қалдырмау;
- шатырға шығатын есіктерді құлыпталып тұруын бақылау;
- тұрғын үй аумағындағы кәріз құбыры, септик, құдықтардың қақпағы (люктер) ашық қалмауын бақылау;
- су айдындарындағы жүріс-тұрыс тәртібін үйрету;
- балалардың жалғыз қалып, бөгде адамдарға ілеспеуі туралы үнемі ескерту;
- түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ата-ана әлде заңды өкілсіз жүруін болдырмау.