Мектеп-лицейдің миссиясы білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстану-математикалық білім беру және шығармашылық мүмкіндігін ашу болып болып табылады.
Білім беру бағдарламалары пән мазмұндарын сапалы игеруді қамтамасыз ету, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, ғылыми-жаратылыстану пәндерін игеруге қажетті білім мен дағдылардың негіздерін игерту, оқу пәні материалдары негізінде білім алушылардың интеллектуалдық деңгейін дамытуға бағытталған. Оқушылардың ғылыми жұмыс дағдыларын меңгерулеріне ықпал етеді.
Педагогикалық шығармашылықты дамыту және түрлі бастамаларды іске асыру мақсатында мектеп педагогтері үшін мектепішілік семинар-практикумдар, шеберлік сыныптар, байқаулар, жарыстар ұйымдастырылады.