- «БҚО әкімдігі басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің 41 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Мекен-жайы: 4 шағын аудан 15/1
Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Телефон: +7(7112) 22- 85-97, +7(7112) 24-41-00
- Тәлімгер (1 бірлік, тұрақты)
Лауазымдық міндеттері:
балалар қоғамдық ұйымдарының, "Жас қыран", "Жас ұлан" бірлестіктерінің, дебаттың, мектеп парламентінің қызметін дамытуға ықпал етеді;
білім алушыларға олардың бірлестіктерінің, ұйымдарының қызметін жоспарлауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен нысандарын жаңартуға ықпал етеді;
балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жұмысты жүзеге асырады;
ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады;
балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істеп тұрған ұйымдар, бірлестіктер туралы кеңінен ақпараттандыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;
білім алушыларға азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын көрсетуге, өз мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруға мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды;
білім беру ұйымдарында мәдени-бұқаралық, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын, балалардың танымдық бос уақытын ұйымдастыруға көмек көрсетеді;
балалар мен жастар ұйымдарын, пікірталастарды, оқушылардың өзін-өзі басқаруын, мектеп немесе студенттік парламенттерді, еріктілер қозғалысын ұйымдастырады;
білім алушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасайды;
каникул кезінде олардың демалысын ұйымдастырады;
білім алушылармен инновациялық жұмыс тәжірибесін зерделейді және пайдаланады;
"Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;
балалар ұйымдарының, бірлестіктерінің бастапқы ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушыларын) іріктеу және даярлау бойынша жұмысты жүргізеді;
өзін-өзі басқару органдарымен және білім беру ұйымының педагогикалық ұжымымен, қоғамдық ұйымдармен, білім алушылардың ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын адамдармен тығыз байланыста жұмыс істейді;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология, физиология, гигиена, балалар қозғалысының даму заңдылықтары мен үрдістері;
педагогикалық этиканың нормалары;
тынығу қызметін, демалысты, ойын-сауықты ұйымдастыру әдістемесі;
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Еңбек ақы көлемі: 137046 теңге
- Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Педагогика" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы және педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін тәлімгер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
- Құжаттарды қабылдау мерзімі: 19-26.09.2022 жыл
- Құжаттар тізбесі:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9)Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі-ҰБТ) немесе педагог-модератордың педагог-сарапшының, педагог – зерттеушінің, педагог шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.