Педагог лауазымына орналасуға конкурс
1. «БҚО әкімдігі басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің 41 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Мекен-жайы: 4 шағын аудан 15/1
Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Телефон: +7(7112) 22- 85-97
2. Педагог-кәсіби бағдар беруші (1 бірлік, тұрақты)
Лауазымдық міндеттері:
мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады, кәсіптік бағдарлау жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
оқушылардың кәсібін саналы түрде таңдауға бағытталған қызметті жүзеге асырады;
білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға Мамандық таңдау бойынша шешім қабылдауда көмек көрсетеді;
қызығушылықтарын анықтау бойынша диагностика жүргізеді, кәсіби бағдарлы диагностиканы талдайды;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі;
кәсіпорындарда экскурсиялар өткізеді, әртүрлі мамандықтағы қызықты адамдармен оқушылар үшін кездесулер (әңгімелесулер) ұйымдастырады;
кәсіби құзыреттілікті арттырады, заманауи әдістер мен технологияларды қолданады;
белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді;
балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогика, педагогикалық психология;
психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздері;
компьютерлік сауаттылық, оқу процесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
педагогикалық этика нормалары;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Еңбек ақы көлемі: 124 586
3. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;
4. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 14.08-22.08.2025 жыл.
5. Құжаттар тізбесі:
1) "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 362 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 486 бірлескен бұйрығының 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;
12) "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 362 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 486 бірлескен бұйрығының 17, 18-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
13) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

