8(7112) 22-85-97

«Дұрыс тамақтану-болашақ ұлттың денсаулығы»

Желтоқсан айының 8 і күні «№5 қалалық емхананың СӨС дәрігері Насырова С.С. мен әлеуметтік педагог Жарасова А.Х. 7 «а», 7 «б», 8 «а», 8 «б» сынып оқушыларына «Дұрыс тамақтану-болашақ ұлттың денсаулығы" тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шара барысында дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары мен ережелерімен таныстырылды. Оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып, қосымша мәліметтер бере отырып денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы кеңестер жүргізілді. Жалпы алғанда күніне 4 рет тамақтанып, оның екеуінде ыстық тамақ жеу керектігі және майлы тамақтан бас тартқандары жөн туралы ақпарат айтты. Оқушыларға тез дайындалатын тағамдарды жемеу керектігі жөнінде ақпарттармен бөлісті. Сонымен қатар оқушылар өздерінің тамақтану ережелерімен бөлісіп, зиянды әдеттерінен аулақ болу керегін білді. Оқушыларға «Дұрыс тамақтанудың ережелері» бойынша жаднамалар таратылды.

Іс-шара соңында Әлеуметтік педагог Жарасова А.Х. «Дұрыс тамақтанудың 5 әдісі» туралы оқушыларға бейнеролик көрсетті.