8(7112) 22-85-97

Мектепшілік «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы сайлауы

"Ұланбасы" - "Жас Ұлан" көшбасшысы, мектеп-лицей оқушыларының  өзін-өзі басқару ұйымының басшысы. Ұланбасы мектеп президенті болып табылады, мектеп-лицей оқушыларының қоғамдық қызметіне басшылық етеді, мектеп әкімшілігімен өзара қарым-қатынаста оның мүдделерін білдіреді, өз атынан және оқушылардың атынан мектеп қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді, оқушылар мен педагогтар арасындағы даулы жағдайларды шешуге қатысады, әртүрлі әлеуметтік жобаларды, іс-шараларды бастамашылық етеді және ұйымдастырады.

"Ұланбасы" сайлауы онлайн форматта Telegram желісі арқылы жүзеге асады.  Telegram желісінің «Ұланбасы сайлауы 2021 жыл» арнасында жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі.

Мектепшілік  «Ұланбасы-2021» сайлауын ұйымдастыру мен өткізу мақсатында сайлау комиссиясы құрылды. Мектепшілік «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы үміткерлігіне байқау жарияланып, байқау талаптары бойынша үміткерлер тіркелді.Үміткерлер жеке бағдарламалық портфолиолары мен ұтымды ұсыныстарын қорғап, сайлауға жіберілді. Сайлау ағымдағы жылдың 28-29 сәуір күндері өтеді. Дауыс берушілер үміткерлердің жеке бағдарламалары және ақпараттық үгіт-насихат материалдарын Instagram, Telegram желілері арқылы танысып шықты. Дауыс беру нәтижесі арнайы хабарланып, мектеп-лицей сайты мен әлеуметтік желі парақшаларына жарияланады.