“Мектеп парламенті” өзін-өзі басқару органының көшбасшылығына сайлау 14 қазан күні өтеді.
7-14 қазан күндері аралығында мектеп-лицейіміздің оқушылары арасында “Мектеп парламенті” өзін-өзі басқару органының көшбасшылығына үміткерлікке байқау жарияланады. Үміткерлікке 9-10 сынып оқушылары қатыса алады. Көшбасшылыққа үміткердің жеке бағдарламалық портфолиосы, өзін таныстыру видеоролигі, креативті, айқын мақсаты, “Мектеп парламенті” өзін-өзі басқару органының 8 фракциясына енгізетін жаңалығы, ұтымды ұсыныстары болуы тиіс. Көшбасшылыққа өзін ұсынған оқушылардың сайлау алды бағдарламалары хабарландыруда көрсетілген байқау талаптарына сай 11 қазан күні дайын болып, тәлімгерге қорғаулары керек. “Мектеп парламенті” өзін-өзі басқару органының көшбасшылығына сайлау ашық әрі жария сипатында 14 қазан күні ұстаздар мен оқушылардың дауыс беру нәтижесінде анықталады. Дауыс беру санитарлық талаптарды сақтай отыра, әділ түрде өтуі лицей әкімшілігі тарапынан қадағаланатын болады. Сайлау нәтижесін негізге ала отырып, 15 қазан күні “Мектеп парламенті” өзін-өзі басқару органының көшбасшысы жарияланады.