Рухани-адамгершілік білім беру барысында жас ұрпақтың бойына мәдениет пен дәстүрлер жалғастығын, өмірге, ата-анасына, жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, махаббат, достық, сыйластық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.
«Жүректен шыққан мейірім - күллі әлемді жылытады» тақырыбындағы мектепшілік онкүндік жоспары оқушыларға декада күнделігі арқылы таныстырылады. Апталық барысында ашық сабақтар легі, «Балаға жүрек жылуы» атты тәрбие сағаттары, «Ризамын бүгінге» қайырымдылық акциясы, адамгершілік-рухани тәрбие беру мақсатында ақындармен кездесу, «Сен де бір кірпіш дүниеге...» педагог-гуманистердің өмірінен презентация, «Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты тақырыпта ана, достық және бейбітшілік туралы балалардың шығармашылық жұмыстары барысында байқау ұйымдастыру жоспарланды.