Қазіргі таңда жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі – мектеп кітапханасы. Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін , оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында түрлі әдеби шаралар, кітап көрмесі, әртүрлі тақырыпқа байланысты бұрыштар ұйымдастырылады. Халқымыздың қилы тарихын, өнегелі әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүрін, мәдени мұраларын, әдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін оқырмандарға кітап арқылы насихаттайды.
Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары болып табылады:
- Мектеп кітапханасының жұмысын ұйымдастыру, оқу және тәрбие процесін кітапханалық, ақпараттық-библиографиялық қызметінің барлық әдістері мен түрлерімен қамту;
- Кітапқа деген құштарлықты арттыру, оқу мәдениетін тәрбиелеу,
- Оқушылармен жеке және көпшілік жұмыс түрлерін ұйымдастыру;
- Оқушыларды көркем әдебиетті жүйелі оқуға тарту, оның мақсаты оқу пәндерін табысты оқу, ой мен сөз мәдениетін, рухани және әдептілікті, танымдық қызығушылығы мен қабілеттерін дамыту;
- Кітапхана жұмысында жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануын жүзеге асыру.
Кітапханада төмендегідей тұрақты кітап көрмелері құрылады:
«Елімнің бақыты тәуелсіздік!»
«Ер есімі – ел есінде»
«Ұлы халықтың ұлы Абайы»
«Бір ел – бір кітап»
Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызатын «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында кітапханада шаралар өткізіліп келеді. Сондай ақ 2020-2025 жылдарға арналған мектеп кітапханаларын дамытудың Жол картасы аясында «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша түрлі бағытта тәрбие сағаттары өтілуде.
Кітапхана жұмысының міндеті:
- Кітапханаға оқырмандарды тарту;
- Кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру;
- Кітап қорын насихаттау;
- Кітапты талғаммен оқуға баулу;
- Кітап қорын үнемі жаңа кітаптармен толықтыра отырып, дәстүрлі каталогтар мен картотекалар, электронды каталогтар құру;
- Атаулы күндерге мәдени көпшілік іс-шаралар өткізу;
- Жаңа кітаптарға ұсынба тізімдер жасау;
- Мектепішілік өткізілетін мәдени шараларға материалдар жинақтау
Кітапханашының күнделікті міндеті:
- Жаңа оқырмандарды кітапханаға жазу;
- Қарыз оқырмандардың формулярын қарап, тізімдерін жасау;
- Баспасөз беттеріндегі ағымды жаңалықтар легіне карточкалар толтырып картотекаға құю;
- Оқырмандарға қызмет көрсету.
- Сұраныстарын дер кезінде қанағаттандыру;
- Оқу айналымынан қайтарылған кітаптарды кітап қорына құю;
- Жаңа түскен кітаптарды кітапханалық өңдеуден өткізу;
- Оқырман күнделігін уақытылы толтырып отыру;