8(7112) 22-85-97

«Азат елдің рухты үні» атты әдеби-танымдық кеш

2025 жылдың 12 желтоқсан күні «Азат елдің рухты үні» атты әдеби-танымдық кеш өтті.

12 желтоқсан күні қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында Тәуелсіздік күніне орай мұғалімдер арасында ұйымдастырылған «Азат елдің рухты үні» тақырыбында әдеби-танымдық кеш жоғары деңгейде өтті. Мақсаты: мұғалімдердің әдебиетке деген қызығушылықтарын, ұлттық рухты ояту, тіл мәдениетін дамыту және тарихи-танымдық білімдерін тереңдету.
Әдеби-танымдық кеш 2 кезеңнен тұрды. Бірінші бөлімінде қатысушы ұстаздар Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ ақындарының ел тәуелсіздігі, отаншылдық, рух пен ерлік тақырыбындағы шығармаларын мәнерлеп жатқа оқып, көркем сөзді жеткізудегі шеберліктерін көрсетсе, екінші бөлімде викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы логикалық ойлау мен шапшаң жауап беру қабілеттерін таныта білді.
Әдеби-танымдық кеш соңында мұғалімдер дипломдармен марапатталып, сертификаттар табысталды.