Мектебімізде бракераждық комиссия мүшелері мектеп-лицей директоры А.М.Даумова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.С.Иманиязова, әлеуметтік педагог А.Х.Жарасова, медбике А.Б.Насипкалиева, асхана меңгерушісі Д.Е.Сүлейменова асхана қызметі бойынша тамақтану сапасына мониторинг актісін жүргізді. Тексеру барысында асханада белгіленген талапқа сай жүргізілу жұмыстары қолға алынған. Оқушыларға ұсынылған тағамдардың сапасы перспективті ас мәзіріне сәйкес келеді. Оқушыларға беріліп жатқан тағамдардың дәмі жақсы. Асханадағы, ас блогындағы параметрлер бойынша асхананың жұмыс кестесі дұрыс сақталған. Сыныптар бойынша тамақтану кестесі, асхананың санитарлық жай-күйі сәйкес. «Денсаулық» журналы, ас блогының қызметкерлерінің толық тазалау жүргізу журналы, тоңазытқыштардың температуралық режимін тіркеу журналы уақытылы толырылған және сәйкес келеді.