2024 жылдың 27 ақпан күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның асхана, ас блогының санитарлық-гигиеналық, жалпы жағдайын бақылау мақсатында тексеру жүргізді. Мектеп медбикесінің А.Б.Насипкалиева жүргізетін журналдары, асхана қызметкерлерін қадағалау журналы уақытылы толтырған. Тексеру барысында асхана іші жарық, санитарлық жағдайы ұйымдастырылған және тазалық сақталған. Мектеп асханасына қазіргі заманғы дизайнмен көркемделген «Дұрыс тамақтану» бұрышы жасақталған. Қойма бөлмесінде көкөністер: картоп, сәбіз, пияз - орналасу тәртібі дұрыс жолға қойылып, арнайы жәшіктерге орналастырылған, бөгде заттар анықталмады. Шеті сынық ыдыстарды аспазшылар қолданбаған, ыдыс жуу тәртібі орындалып, ережесі сақталады. Ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайы қанағаттанарлық. Тағам ас мәзіріне сәйкес, әрі нормаға сай. Тамақтың сапасы дәміді әрі тойымды. Асхана жұмысы қанағаттанарлық.