8(7112) 22-85-97

«Әнім саған, туған ел» патриоттық ән байқауы

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыруда «Ұлы дала тарихы - ұлттық рух» тақырыбындағы апталық аясында 5–7 сынып оқушыларына арасында патриоттық ән байқауы өтті.

Жас ұрпақты өз елін сүюге, ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді қастерлеуге тәрбиелеу, ән байқауында оқушылар туған елін, жерін, оның тарихын, мәдениетін бейнелейтін патриоттық әндер орындай отырып, патриоттық әндер арқылы ұлттық рухты тәрбиелеу, өнерлі оқушыларды қолдау мақсатында 27 қаңтар 2026 жылы «Әнім саған, туған ел» патриоттық ән байқауы 5–7 сынып оқушыларына арасында өткізілді.
Әнді таза орындауы, әннің мазмұны, сахына мәдениеті ережелері бойынша қатысушылар жарысқа түсті. Әділ-қазылар Даулетова Сабина Серікқызы «Оқушылар сарайы» МКҚК Директордың бейіндік жөніндегі орынбасары және «Оқушылар сарайы» МКҚК «Вокал» үйірмесінің жетекшісі Еламанов Аманбол Аманжолович шақыртылып әділ бағасын берді. Жүлделі орын алған қатысушылар медальмен және сыйлықтармен марапатталды.