8(7112) 22-85-97

«Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы 5-7 сынып ата-аналарына өтті

14 қыркүйек күні мектебімізде «Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы 5-7 сынып ата-аналарына өтті.

Жиналыс екі кезеңнен тұрды:

🔹 І кезең — жалпы мәжіліс;
🔹 ІІ кезең — сынып жетекшілерімен кездесулер.

Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, суицидтің, девиантты мінез-құлықтың және киберқылмыстың алдын алу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар мектептің ішкі тәртіп ережелері, оқушылардың сабаққа қатысуы мен үлгерімі, мектеп формасы, ұялы телефонды пайдалану тәртібі және ата-аналардың жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жиналыс соңында бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту және тәрбиелік жұмыстарды бірлесе жүргізу жөнінде ортақ ұсыныстар айтылды.

Қатысып, маңызды мәселелерді бірге талқылаған барлық ата-аналарға алғыс білдіреміз! 🤝

Бала тәрбиесі — отбасы мен мектепке ортақ жауапкершілік!