Хусаинова Гульбану Хамидоллиевна
Хусаинова Гульбану Хамидоллиевна №41 мектеп-лицейінде 2008 - 2022 жылдар аралығында математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады. Гульбану Хамидоллиевна - оқушыларға математика пәнін меңгертуде білімділігімен, шебер әдістемесімен танылған бірегей тұлға. Талапты ұстаздан білім алған шәкірттері республикалық, облыстық деңгейдегі білім додаларында, пәндік олимпиадаларда оза шауып, биіктен танылды. Ұлттық бірыңғай тестілеуге оқушыларды дайындауда өзіндік ізденісімен шеберлік шеберханасын қалыптастыра білді.
Ұстаздың білім саласындағы үздіксіз еңбегі еленіп, 2018 жылы қалалық білім беру бөлімінің «Үздік ұстаз - 2018» белгісімен, 2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» және ҚР Президентінің Алғыс хатымен, 2020 жылы Орал қаласының «Құрметті педагогі» атағымен марапатталды.