№41 мектеп-лицейінде 2002-2012 жылдар орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады. Кырмызы Кенжегуловна әдістемелік ізденісі, қызықты сабақтары, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленген ұстаз, оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың жүрегінен орын ала білді. Оқушылардың жоғары оқу орнына түсуіне көп септігін тигізді. Ағылшын тілі пәні бойынша қала мұғалімдерінің арасында олимпиада жүлдегері атанды. Ұстаз білім мен ғылым саласындағы ерен еңбегі үшін, 2019 жылы ҚББ Құрмет грамотасымен марапатталды.