Арыстанова Зауреш Кенжесқызы №41 мектеп-лицейінде 1996-2003 жылдар аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады. Оқушыларды тәрбиелеуде бала қиялын қияға өрлетер ғажайып ертегілер, шыншыл да, сыншыл аңыз-әңгімелер, ерлікті дәріптеген батырлар жыры, өткір де өміршең шешендік сөздер арқылы халқымыздың рухани құндылықтарын оқушы бойына сіңіре білген ұстаз. Қалалық білім беру бөлімінің «Құрмет Грамотасымен», Облыстық білім басқармасының «Құрмет Грамотасымен» марапатталды. Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің «Құрмет грамотасының» иегері.