Танатарова Бахытканым Есмагамбетовна №41 мектеп-лицейінде 1997-2010 жылдар аралығында физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады. Ғылым мен техниканың қарқындау кезінде оқушылардың жоғары ойлау қабілетін дамытуға өз үлесін қосқан ұлағатты ұстаздардың бірі. Оқушылардың өз бетімен ізденуіне, жаңашылдыққа ұмтылуына әсерін тигізген ұстаз. Қалалық білім беру бөлімінің «Құрмет Грамотасымен», Облыстық білім басқармасының «Құрмет Грамотасымен» марапатталды.