Сұлтанғалиев Серік Сабырұлы №41 мектеп-лицейінде 2008-2013 жылы қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады. Сабырлы тұлғасымен оқушы танымын кеңейтіп, пәндік сауаттылығын арттыруда ардагер ұстаздың еңбегі зор. Ұстаз еңбегі бағаланып, 2008 жылы Бөрлі аудандық білім беру бөлімінің «Құрмет Грамотасымен», 2010 жылы қалалық білім беру бөлімінің «Құрмет Грамотасымен» және Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.