Жалмуханов Жоламан Бисенгалиевич №41 мектеп-лицейінде 1998-2014 химия пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады. Мектепте химияның майталман маманы атанған ұстаз оқушыларға білім нәрімен сусындатуда көп еңбек етті. ҰБТ-ға дайындауда педагогикалық шеберлігімен оқушылардың жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін қалалық білім беру бөлімінің «Құрмет Грамотасымен» марапатталды. Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігінің «Құрмет Грамотасының» иегері.