Муканова Ақлима Бимурзиевна №41 мектеп-лицейінде 2008-2015 жылдар аралығында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады. Шығармашылығы мол, ойы ұшқыр, ақпараттық-коммуникативтік технологияны ұштастыра отырып ашық сабақтар, сабақтан тыс инновациялық шаралар, конференцияларды шеберлікпен ұйымдастырды. ҰБТ-ға дайындауда педагогикалық шеберлігімен оқушылардың жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін 2010 жылы қалалық білім беру бөлімінің «Құрмет Грамотасымен», 2007 жылы Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының «Құрмет Грамотасымен» марапатталды.