Молдагалиева Сара Туремуратовна №41 мектеп-лицейінде 1996-2016 жылдар аралығында математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады. Білім беруде өзіндік ізденісімен шығармашылық тұрғыда жұмыстанып, оқушының тұрақты математикалық біліммен қарулануына күш салды. Ұстаз білім мен ғылым саласындағы ерен еңбегі үшін 2010 жылы қалалық білім беру бөлімінің «Құрмет Грамотасымен»; 2010 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігінің «Құрмет Грамотасымен» марапатталды.