Әжмағамбет Әлімжан Шәденұлы №41 мектеп-лицейінде 1999-2018 жылдар аралығында математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады. Математика пәнінің маңыздылығын ұғындыруда оқушы қабілетін ұштап, нақты ғылымды терең меңгерген білімді тұлға қалыптастыра білді. Шәкірттері мен әріптестерінің алдында Әлімжан Шаденұлы- ерекше тұлғалық болмыс-бітімімен биік. Қажырлы еңбегінің нәтижесінде 2010 жылы қалалық білім беру бөлімінің «Құрмет Грамотасымен», 2015 жылдары Облыстық білім басқармасының «Құрмет Грамотасымен» марапатталды.