Ажмагамбетова Шамшья Калимуллаевна №41 мектеп-лицейінде 1999-2018 жылдар аралығында тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады. Шамшья Калимуллаевна - оқушыларға тарих пәнін меңгертуде білімділігімен, шебер әдістемесімен танылған бірегей тұлға. Ұлағатты ұстаздан тәлім-тәрбие алған шәкірттері республикалық, облыстық деңгейдегі білім додаларында үздік қырларынан таныла білді. Білім саласындағы үздіксіз еңбегі еленіп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталды.