Ихсанова Валиса Кужатовна №41 мектеп-лицейінде 2000-2020 жылдар аралығында мектеп директоры және биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады. Валиса Қужатовна білім ордасының іргелі де озық ұлттық білім ошағына айналып, жаңа мазмұнды оқыту жүйесіне көшуіне өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Оқушының сапалы білім алуына және ұстаздардың шығармашылық тұрғыдағы ізденісіне мүмкіндік туғызып, мектепті үлгілі білім ордасына айналдырған білікті басшы. Педагогика ғылымындағы ерен еңбегі еленіп, бірнеше рет қалалық білім беру бөлімінің, облыстық білім басқармаларының «Құрмет Грамотасымен», 2007 жылы ҚР Конституциясына 10 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы медалімен, 2008 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.