8(7112) 22-85-97

Психологиялық ағарту

Психологиялық ағарту – педагогтарды, ата-аналарды, балаларды психологиялық біліктілікке баулу. Психологиялық ағартудың түрлері сан түрлі.айталық оған әдістемелік кеңесте және ата-аналар жиналысында өтілетін лекциялар, әңгімелесулер, топтық және жеке консультациялар, семинар-практикумдар, ата-аналар жиналысы, көрмелер, жаднамалар дайындау, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді іріктеу және тарату, тақырыптық газет шығару. Балаларды тек қана өмірге дайындау емес, балаларға қазіргі таңның өзінде бақытты, арайлы өмір жағдайын туғызу. Яғни ересектерге психологиялық ағарту жүргізу арқылы, мұның басты мәселе екеніне көзін жеткізу.

Ата – аналар жиналыстарының тақырыптары:

"Оқушы өмірінің табиғи ырғағы және дұрыс режим негіздері. Балаларды күн тәртібін өз бетінше орындауға үйрету".

«Емтиханға дайындық барысында балаларды қолдау»

"Сіздің өміріңізде және сіздің балаларыңызда стресстер. Олармен қалай күресу керек

"Жасөспірім шақтағы үрей мен агрессивтілік. Оларды зерттеу". Теледидар, компьютерлік ойындар, жарнама, әлеуметтік ортаның әсері.

"Жасөспірімдер жасындағы ерекшеліктері. Өзіндік сананы қалыптастыру". Жасөспірімдік жастағы ықтимал "дағдарыстар".

«Өз балаңа үлгі бол» Баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға жеке мысал мен беделдің әсері. Ата-аналардың жалған беделінің түрлері. Тәрбие берудегі әжелер мен аталардың рөлі. Балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарына, аға отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу.

«СӨС отбасында – балаңыздың саулығы» физиологиялық, психологиялық, рухани саулық және қарым қатынас туралы түсінік беру. Отбасындағы ахуал физиологиялық және психикалық саулық кепілі.

«Отбасындағы баланың психологиялық әл-ауқатына әсер ететін факторлар»

«Егер баламен қарым-қатынасыңыз бақылаудан шықса»

"Біздің балаларымыздың құпия әлемі". Оқушылардың бос уақыты. Сауалнаманы талдау. Көшедегі бала. Компьютерлік салондар. Компьютерлік ойындардың баланың психикасына әсері. "Қызықты" орындар

«Жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесі". Ұлдар мен қыздардың психофизиологиялық дамуының ерекшеліктері. Ұлдар мен қыздар арасындағы өзара қарым-қатынас ерекшеліктері.

«Сөз тәрбиелегенде» Қазақтың бала тәрбиелеу туралы ережелері". Баланың өмірін ұйымдастыру құралы ретінде сендіру және талап ету. Көтермелеу және жазалау. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуде жүйелілік пен қатаңдық.

«Оқу іс-әрекетінің бала ағзасына әсері. Шаршау белгілері.» Оқушылар арасында аурулардың дамуының алдын алу

«Кәсіптік бағдар беру-заман талабы»

Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы

ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ДЕГЕН НЕ?

Психикалық денсаулық (рух немесе жан саулығы, кейде менталдық саулық деп атады) — бұл адам өз әлеуетін іске асыра алатын, күнделікті өмірлік стресстерді еңсере алатын, жемісті және өнімді жұмыс жасай алатын, әрі қоғамға өз үлесін қоса алатын аман-саулық күйі. (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы. ДДСҰ, 2017)

Жақсы психикалық денсаулық барлығы үшін маңызды. Сіздің және балаңыздың өмірі үшін психикалық денсаулықтың маңызы физикалық денсаулықтың маңызымен бірдей.

Психикалық денсаулық – бұл жай ғана психикалық сырқаттардың жоқ болуы ғана емес, өмірлік мәселелерді шешуге қажетті дағдылардың болуы. Егер психикалық денсаулықтағы кінараттарға мән бермесе, олар балалардың оқуына, дамуына, қарым-қатынастарына және физикалық саулығына кедергі келтіруі мүмкін.

Психикалық денсаулық дәл физикалық денсаулық сияқты маңызды!

Психикалық денсаулықсыз физикалық денсаулық жоқ.

БАЛАМНЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚАЛАЙ КҮТІМ КӨРСЕТЕ АЛАМЫН?

Балаларға мықты, қамқор қарым-қатынастар құруға көмектесіңіз

Балалар өзін жақсы сезінуі үшін оларға өз қадір-қасиетін бағалау сезімін дамытуға көмектесіңіз

Оларға құлақ салыңыз және сезімдерін құрметтеңіз

Үйде қауіпсіз және жайлы орта қалыптастырыңыз

Қиын жағдайларда балаларға және жастарға мәселелерін шешуге көмектесіңіз