«Қашықтан оқыту кезіңде қобалжу мен мазасыздықты қалыпқа келтіру» жаттығулары
«СУ ЖАТТЫҒУЫ»
Мазасыздықпен қобалжу бойыңызды билей бастағанын сезсеңіз салқын сумен қолыңызды,маңдайыңызды,самайыңызды сулаңыз. Стакан су ішіңіз: суға бар зейініңізді шоғырландырып, өзіңіздің ішкі сезімдеріңізге көңіліңізді аудара отырып өте жай ішіңіз. Мүмкіндік болса контрассты душ немесе ванна қабылдаңыз.
«КӨЗ ФИКСОЦИЯСЫ»
Бой жазып адам алдына тура қарау керек, үлкен емес затты таңдап алып, сол затқа назар аударып, оны зерттеу қажет. Осы сәтте тыныс алу ерекше, терең болу керек.
БҰЛШЫҚ ЕТТІ ҮДЕМЕЛІ БОСАҢСЫТУ
- Тыныш жер таңдап, осы жаттығуға 15-20 минут бөліңіз.
- Бұлшық еттеріңізді табаныңыздан төбеңізге дейін ширатасыз: табан, аяқ, қол, жамбас, іш, кеуде, мойын, ауыз, көз, маңдай.
- Деміңізді баяу, әрі терең ішке тартыңыз, бұлшық еттер тобын ширатып (қысып), 5-10 секунд ұстаңыз.
- Ширыққан және босаңсыған бұлшық еттер арасындағы айырмашылыққа назар аударыңыз.
- Келесі бұлшық еттер тобына көшер алдында 10-20 секунд бойы босаңсыңыз.
- Жаттығуды аяқтаған соң, осы шаққа қайта зейін салу үшін 5-тен 1-ге дейін санаңыз.
Бала (жасөспірім) кибербуллинг құрбанына айналғанының негізгі белгілері:
- көңіл-күйі өзгерген, үріккен, мазасы кеткен
- мұңая түскен
- қоғамдық шараларға, спорттық секцияларға және т.б. барудан қашқақтайды
- ұялы құрылғыларды бұрынғыдан сирек қолдана бастады
- жаңа хабарлама келгені туралы дыбыстық белгілерге жағымсыз қарай бастады
- мінез-құлқы, әсіресе, Ғаламтормен жұмыс жасау саласында өзгеріп кетті
- әлеуметтік желілердегі парақшаларын өшіріп тастады
- сізге желіде балаңыздың қатысы бар қорлайтын немесе кемсітетін суреттер және хабарламалар кез болды
- долылық пен өшпенділік сезімдері пайда болды
- қорқыныш – алаңдау үшін әрдайым жеткілікті себеп. Егер бала үнемі қорқып жүргендей көрінсе, ол кибербуллинг құрбанына айналғаны әбден мүмкін. Аталған белгілер басқа түйіткілді мәселелерді сипаттауы да мүмкін. Бірақ, кибербуллинг ықтималдылығын бірінші кезекте анықтап, шешіп алу қажет
Баланың (жасөсіпірімнің) көңіл-күйіндегі ұзақ уақытқа созылатын кез-келген оқыс өзгеріс – ата-ана үшін дабыл белгісі!!!