УАҚЫТТЫ ҚАЛАЙ ТИІМДІ ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ?
Уақыт. Біз уақытты дұрыс қолдана алмаймыз. Біз оны тек жоғалтуға ғана бармыз. Әрқайсымыз сөткесіне 24 сағат аламыз, бірақ бұл уақытта барлық өздерінің ойлаған нәрселеріне үлгеретін адамдар да болады. Уақыттың шығындалуын үнемдейтін бірнеше әдістерді қолданып көріңіз:
1. Жұмыс тізімін құрыңыз. Оған ең қажетті істейтін нәрселеріңізді белгілеңіз. Сіз қаншалықты алға жылжыдыңыз, бұл таңдануға жағымды әсер болатынын мұқият белгілеңіз.
2. Барлық жұмыстарды сапасы бойынша іріктеңіз: ең бастысы – бірінші кезекте нені істеу керек, шағын бағдарды тезірек, нақты, соңына дейін бос уақытта орындау қажет. Келесі схема бойынша уақытты қалай үнемдеу керектігін көресіз.
3. Артық уәде беруден аулақ болыңыз. Өзіңіздің істей алу мүмкіндігіңізге байланысты бос уақытты қалай тиімді өткізуге болады, бір жағынан қарапайым істі орындауға қанша уақыт жұмсайсыз.
4. Белсенді және өнімді іс-әрекетіңіз арасындағы айырмашылықтарды айыра біліңіз.
Белсенділік (айталық, көпше түрде телефон хабарламалары) барлық жоспарларыңызды ұтымды орындау болып табылады. Өнімділік – таңдалған мақсат бойынша оның дұрыс орындалуы өнімді қорытынды беру қадамы. Тек белсенді болмай, мүмкіндігіңізге байланысты ұтымды істеуге тырысыңыз.
5. Сіз шаршағандықтан өзіңіздің жұмыстарыңызға қатыссыз жиналысқа қатыстыңыз, жиналыста сізге өз қарсылығын білдіргендер болды, жиналыстан кейін қиналғандықтан уақытыңыз да және белсенділігіңіз де төмендеді: жағдайға байланысты уақытты жоғалтқаныңызды талдаңыз. Сіздің ұтымды ісіңіздің және уақытыңыздың төмендеуі қиналғандықтан болды деп есептеңіз. Бұндай уақытты жоғалтудан кейін болашақта бұндай жоғалтудан қашуды ойлаңыз.
6. Өзіңіздің бос уақытыңызға сәйкестендіріп, жұмысыңызды жоспарлаңыз. Сіз өзіңізді демалдыруға және клиенттерді қабылдауға уақытты ұтымды бөліңіз. Есікті жауып, телефонды өшіріп, өз мүмкіндігіңізге байланысты жұмыстарды орындаңыз.
7. Басқа адамдар сияқты өзіңіздің жұмысыңызды бір күн ішінде өнімді орындаңыз. Қиын жағдайда жұмысыңызды, уақытты үнемдей отырып жоспарлаңыз.
8. Өзіңіздің жұмыстарыңыздың аяқталмағанына сеніңіз. Кез келген жұмысты орындауға тырысу қажет. Сіз жұмыстың бір адамға мінсіз орындау керек еместігін түсініңіз. Егер сіз жұмыстың әрбір бөлшектеріне уақытты көп бөлсеңіз, екінші жұмысты орындауға аз уақыт жұмсайсыз. Жұмыс бағыттарыңызды есіңізде ұстаңыз.
9. Шешімі табылмайтын істен қашыңыз. Егер сіз «бос уақытыңыз» болса, өзіңізден қазір не істеу керектігін сұраңыз.
Емтихан тапсырған кезде
Ден қой! Тестілеудің бастапқы бөлімін толтырған соң (бланк толтыру), өзіңе түсініксіз нәрселердің басын ашып алған соң, айналаңдағыларды ұмытуға тырыс. Сені тест тапсырмалары мен тестке берілген уақыт қана қызықтыруы тиіс.
Асықпай тездет! Берілген уақыттың тар шеңбері сенің жауаптарыңның сапасына әсер етпеуі тиіс. Сұраққа жауап берер адында сұрақты екі рет оқып шығып, нені сұрап тұрғанын толық түсінгеніңе көз жеткіз.
Оңайынан баста! Көп ойлануды талап ететін сұрақтарға тоқтамай, өзің жақсы білетін, оңайларынан бастағаның жөн. Сен қобалжудан арылғанда, басының ауырғаны да қойып, жұмыс ритміне енесің. Жүйке жүйесінің мазалауынан арылып, барлық энергияңды қиын сұрақтарға сақтайсың.
Қалдырып кет! Қиын әрі түсініксіз сұрақтарды қалдырып кетуді үйрену керек. Есіңде сақта: мәтінде міндетті түрде сен жауап бере алатын сұрағың табылады.
Сұрақты соңына дейін оқы! Асығыстық тапсырманы «алғашқы сөздерінен» түсініп, соңын өзіңнің ойыңша аяқтауыңа алып келуіне тиісті емес. Бұл оңай сұрақтан қате жіберуге алып келетін жол.
Алдындағы тапсырма туралы ғана ойлан! Жаңа тапсырмаға келгенде алдындағысыны ұмыт. Тестідегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес,сондықтан алдындағы тапсырмада қолданған білімің келесісін орындауға көмектеспейді, керісінше бөгет болады. Бұл кеңес екінші жағы да бар, мысалы алдыңғы сұрақты білмесең, келесі сұраққа жауапты міндетті түрде білем деген сенімділік береді. Әр жаңа тапсырма – балл жинауға жаңа мүмкіндік деп қарағаның дұрыс.
Кейбір тапсырмалар өз нұсқаларының ішіндегі бұрыс жауаптарын тапсаң да дұрыс жауапты табуға болатындығымен ерекшеленеді.аталған әдіс – бірден бес нұсқа туралы емес, айталық, екі жауап төңірегінде ойлануға мүмкіндік береді.
Екі айналым жоспарла! Берілген уақыт шамаланып қалғанда жауаптарыңды бір қарап шығуға («бірінші айналым»), алғашында қиын болып көрінген тастап кеткен сұрақтарыңа тағы бір оралуыңа («екінші айналым) уақыт қалдыуыңды есептеуің керек.
Тексер! Тапсырмаларға жауаптарыңды қайта тексеруге, ең болмаса көз жүгіртіп өтуге уақыт қалдыр.
Болжа! Егер сен дұрыс жауапты білмесең, интуицияңа сеніңуіңе болады. Онда да ең дұрысқа жақын болуы тиіс деген нұсқасын таңдауға тырыс.
Көңіліңді түсірме! Барлық тапсырманы орындауға тырыс, бірақ тәжірибе бойынша бұл мүмкін емес екендігін естен шығарма. Тест тапсырмалары ең қиын дәрежеге есептелген, және сен орындаған тапсырмалар жақсы деп бағалануы әбден мүмкін. Сәттілік тілейміз!
ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҰСТАНЫМДАР
· Алдыңа мақсат қою
· Сені жетістік күтіп тұрғанына үміттену
· Іске дайын болу
· Адымыңды анық басу
· Алға ұмтылу
· Қорықпау, күмәнданбау
· Көңіліңді тоқ ұстау
· Жаңашыл болу
· Басқалармен кеңесу
· Тәуелсіз болу
· Біртұтасты бөлшектеу
· Жетістіктеріңнің қайдан келуің ұмытпау
Жетістікке жету үшін
· Өз потенциалынды біл
· Өзіңе шектеу қойма
· Өзіңді мойындат
· Сезіміңді сыйла
· Әдетке айналдыр
· Құндылықтарынды таны
Жетістікке жетудің екі жолы бар:
· өз ақылыңды пайдалану
· басқалардың ақылынан пайдалану
Алға мақсат қойғанда:
1. Мақсатыңның пайдасын біл
2. Нені не үшін қалайтыныңды біл
3. Ақылың мен ерік-жігеріңді мақсатыңа жұмса. Ісіңді қадағала және басқар
4. Көп ізден
5. Ақыл мен жүректің шешімін айт
6. Сақ бол
7. Төзімділік таныт
8. Өзгеріске бейімдел
9. Сапаға мән бер
10. Ісіңнің нәтижесін талда
Осыны біл:
Әрбір сәтсіздік тәжірибенді арттырады
Жеткен жетістікті үнемі мақтан тұту оны жаман жолда пайдалану есептеледі.
Есіңде сақта:
· Жетістік тек оза шауып бәйге алуда емес, адамдық қасиетті жоғалтпауда жатыр. Әуелі, адам деген атқа лайық бол, жетістігің адамдығыңмен өлшенсін
· Сені жетістікке жетелейтін сенен басқа ешкім емес,
· Өзіңе деген сенім сені барлық белестерден алып шығады. Өзгеге жалтықтаушы болма, кісілігің қалмайды
· Ең үлкен жетістік – қоғамға пайдалы істі тындыру
· Жетістіктің ең үлкен жауы – “кейін істермін” деп айту
· Жетістікке апаратың жолдан қаймықпау және әрқашан үмітті болу