8(7112) 22-85-97

«Жаратылыстану – өмір тану, табиғаттың сырын табу» пән апталығы аясында ұымдастырылған «Қанатты досқа көмектесейік» мәдени-экологиялық акциясы

2022 жылдың 21 сәуірінде «Жаратылыстану – өмір тану, табиғаттың сырын табу» пән апталығы аясында мектеп-лицейімізде «Қанатты досқа көмектесейік» атты мәдени-экологиялық акциясы өткізілген болатын.

Акцияның негізгі мақсаты:

  • оқушылардың құстар туралы білімдерін кеңейту және тереңдету;
  • құстарды қорғау;
  • заманауи орнитологияға қол жеткізуді насихаттау;
  • табиғатпен үйлесімділікте өмір сүруге дайындығын дамыту;
  • табиғатты қорғауға және қалпына келтіруге қатысты белсенді ұстанымды қалыптастыру.  

Акция аясында оқушылар құс ұяларын дайындап, ол ұялар мектеп-лицейіміздің ауласындағы теректерге орналастырылды. Акцияға қатысқан ұстаздар мен оқушыларға алғысымызды білдіреміз.