22 сәуір күні мектеп-лицейімізде жаратылыстану пәндері апталығының аясында "Бір алма” атты қайырымдылық акциясы өтті.
Бұл шараның негізгі мақсаты - жүрегі мейірімге толы оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыра отырып, қоғамға аз да болса көмек көрсету. “Бір алма” акциясы аясында жиналған барлық алмалар Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының “Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы кешен мектеп-интернат-колледжі” комуналдық мемлекет мекемесінің тәрбиеленушілеріне табысталды.
Белсенділікпен қатынасқан мектеп-лицейіміздің ұстаздары мен оқушыларына алғыс білдіреміз!