2022 жылдың 21 сәуірінде география пәні бойынша «География-табиғат пен қоғам арасындағы көпір» атты үзілістегі зияткерлік шарасы 5-11 сынып оқушылары арасында оздырылды.
«Ақылды үзіліс»-қоңырауды тиімді пайдалану мақсатында «География-табиғат пен қоғам арасындағы көпір» тақырыбындағы үзілістегі зияткерлік шара оқушылардың өлкетанулық білімдерін, әлем туралы көзқарастарын қалыптастыру негізінде ұйымдастырылған «Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері» және «Әлемнің әйгілі қалалары» көрсетілімдерінен басталды.
«Ақжайық, Ару Жайық – арман өлкем» атты оқушылар дайындаған туған жерге виртуальды саяхат видеоролигі үзіліс барысында көрсетілді.
Оқушылардың географиялық білімдерін, географиялық нысандарды табу дәлдігін, әлем елдері туралы түсініктерін жетілдіру мақсатында «Географиялық номенклатура» нысандарды табу және «Globe Geography» атты елтану үзілістік ойындары өткізілді. «География-табиғат пен қоғам арасындағы көпір» тақырыбындағы үзілістегі зияткерлік шарасына барлық оқушылар қызығушылықпен қатысты.