8(7112) 22-85-97

“Ашық сабақтар тәжірибе алмасудың негізі” жаратылыстану пәндері бойынша ашық сабақтар легі

2022 жылдың 21 сәуірінде география пәні бойынша «География-табиғат пен қоғам арасындағы көпір» атты үзілістегі зияткерлік шарасы 5-11 сынып оқушылары арасында оздырылды.

20 сәуір күні жаратылыстану апталығы аясында география пәнінің мұғалімі Адиева Л.С. 10 "а" сыныбына "Дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын көрсеткіштер", Ажғалиев Н.Ш. “Қазақстанның экономикалық аудандарының шаруашылық салалары мен мамандануы”, Иманғалиева Б.Т. “Тірі ағзалардың сан алуандығы” тақырыптарында ашық сабақтар өткізді.

21 сәуір күні химия пәнінің мұғалімі Мукатаева Л.С. 7 “б” сыныбына "Адам ағзасындағы химиялық элементтер", 8 "а" сыныбына химия пәнінің мұғалімі Сабитова А.А. "Тұздар және оның қасиеттері", 8 “б” сыныбына география пәні мұғалімі Бахтиярова И. “Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын ұйымдастыру” тақырыбында, 22 сәуір күні биология пәні мұғалімі Боранбайқызы Н. “Өсімдіктердің вегетативті көбею жолдары” тақырыптарында ашық сабақтар өткізілді.

Өткізілген ашық сабақтардың барлығында дерлік оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары жоғары екендігі сабақ барысында көрініс тапты. Оқушылар сабақ барысында берілген әр түрлі деңгейлік тапсырмаларды топтасып орындап, нәтижеге қол жеткізе алды.

Сабақ барысында қолданылған топтық және жұптық жұмыстар, түрлі деңгейлік тапсырмалар, танымдық видеокөрсетілімдер көрсетіліп, оқушылардың пәнге деген белсенділігі мен ізденімпаздылығы жоғары екені көрінді.

Мектеп-лицейімізде 18.04.-23.04.2022ж. аралығында өткізілген "Жаратылыстану-өмір тану, табиғаттың сырын табу" атты жаратылыстану пәндерінің апталығы өз мәресіне жетті. Барша қызығушылық танытып, белсенділікпен қатысқан Мектеп-лицей оқушыларына алғысымыз зор!