Орал қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес және дарынды балаларды анықтау мақсатында 7, 8 сынып оқушыларына информатика пәнінен «Үздік оператор» байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: мектеп оқушыларының ақпараттық - коммуникациялық технологияларға деген қызығушылықтарын дамыту және нығайту, жалпы интеллектуалды сипатта шығармашылық ойлауды, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, оқытылатын пәнге қызығушылықты арттыру болып табылады. Конкурс офистік бағдарламалар бойынша өткізілді:
1. Мәтіндік редактордың мүмкіндіктерін пайдалану дағдылары
2.Paint-та сурет салу дағдылары, көшіру арқылы мәтіндік редакторына қоя білу
3. Кестелік редактордың мүмкіндіктерін пайдалану, есептер шығару, график тұрғызу.
Байқауға мектебіміздің 8 а сынып оқушысы Махан Сабина қатысып, ІІ орынды иеленді. Жетекшісі информатика пәні мұғалімі Сатканова Э.М. Оқушымызды және пән мұғалімі Эльмира Мухиденовнаны жетістіктерімен құттықтаймыз!