Орал қаласының білім беру бөлімі Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының 05.04.2022 жылғы №288 бұйрығына сәйкес, 22.04.2022 №19 ЖОББМ базасында физика пәні мұғалімдерінің арасында өткізілді.
Бұл байқау физика пәні мұғалімдері арасынан оқушыларды олимпиадалар мен байқауларға дайындаумен және өзін-өзі жетілдірумен, келешекте тұлғалық және кәсіби шеберлігін көтерумен айналысатын мұғалімдерді анықтау мақсатында өткізілді. Қатысушыларға тапсырма 2 блокта берілді, байқау ұзақтығы 3 сағатқа созылды. Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің физика пәні мұғалімі Кажмуханова Г. Ш қатысып жүлделі ІІІ орын иеленді. Гүлмира Шыныбековна жетістігімен құттықтаймыз!