8(7112) 22-85-97

Химия, биология, география пәндері апталығының жабылуы туралы

25 сәуір күні «Жаратылыстану - өмір тану, табиғаттың сырын табу» тақырыбындағы химия, биология, география пәндері апталығының жабылуы өткізілді.

Заманауи білім беру мазмұнын, жаңа технологияларды мектептегі сабақ үрдісіне енгізу, оқушылардың танымдық , шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткізілген «Жаратылыстану - өмір тану, табиғаттың сырын табу» тақырыбындағы апталық өз мәресіне жетті. Апталық барысында биология пәнінен мектеп дәлізінде «Биология - тіршіліктің бастауы»атты зияткерлік шарасы, тірі табиғат бұрышы, «Бір сынып - бір гүл» акциясы , химия пәнінен мектеп дәлізінде «World of chemistry»виртуалды зертханалар топтамасы, зияткелік шаралар, география пәнінен «География - табиғат пен қоғам арасындағы көпір»зияткерлік шарасы, «Географиялық номенкулатура» нысандары табу ойыны, «Globe» елтану үзілістік ойыны, «Ақжайық, Ару Жайық - арман өлкем» (туған жерге виртуалды саяхат), биология пәнінен «Қанатты досқа көмектесейік» атты акция, «Бір алма» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Сондай - ақ әр пән бойынша ашық сабақтар шеруі өткіліді. «Табиғаттың құпиясы тұңғиық» атты оқушылар сарайындағы гүлзарға саяхат, «Жас географтар» интелектуалдық сайысы өткізілді. Апталықты «Жастар және табиғат - ортақ болашақ» тақырыбымен мектеп ауласына жас мамандар ағаш отырғызып аяқтады. Осы шараларға оқушылар белсене қатысты жеңімпаз оқушыларға дипломдар мен алғыс хаттар, сыйлықтар табыс етілді.