5б сыныбында «Бір халық -бір ел-бір тағдыр» тақырыбындағы тәрбие сағаты оздырылды. Мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Өзге ұлт өкілдеріне деген сыйластықты нығайту.
Міндеттері:
- Өз Отанының ұлтжанды азаматы болуға және өз елінде тұратын өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлерін сыйлап, құрметтей білуге тәрбиелеу.
- Отанға деген ұшқыр сезімдерін ояту, туған жерге деген махаббатттарын жетілдіру.
- Отанын сүюге, өз ұлтын мақтан етуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында сынып жетекші Г.Гарифоллақызы еліміздің тарихи дамуына тоқталып, мемлекетіміздің қол жеткізген жетістіктеріне тоқталды. Достық, татулық туралы оқушыларға сұрақтар беріліп, пікірлері тыңдалды. Бір шаңырақ астында тұрып жатырған өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері туралы қосымша мәліметтер беріліп, ел ертеңі үшін татулық, бірлік қажеттігі туралы баса айтылды.