8(7112) 22-85-97

Информатика пәні мұғалімдері арасында өткен «Ақпараттық технологиялар» олимпиадасының қорытындысы

Қалалық білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 28 сәуір күні А.Байтұрсынова атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектеп базасында «Ақпараттық технологиялар» олимпиадасы өткізілді

Ақпараттық технологиялар» олимпиадасының мақсаты информатика пәні мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша білімдері мен біліктіліктерін саралау, шығармашылықпен жұмыстанатын мұғалімдерді анықтау және қолдау көрсету болып табылады. Конкурс офистік бағдарламалар және бағдарламалау тілдері бойынша өткізілді:

1. Мәтіндік редоктордың мүкіндіктерін пайданану дағдылары.

2. Microsoft Office Power Point мүмкіндіктерін пайдалану дағдылары.

3. Кестелік редактордың мүмкіндіктерін пайданалу, есептер шығару, график тұрғызу.

4. Бағдарламалау тілдері: С++, Python

Бұл олимпиадаға мектебімізден информатика мұғалімі Кожахметова Ляззат Асылбековна қатысып жүлделі ІІІ орын иеленді. Ляззат Асылбековнаны жетістігімен құттықтаймыз!